ЕСЕП БЕРУ

Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссия қызметінің қорытындылары туралы 2020 ж. 22 желтоқсан айынан 2020 ж. 21 желтоқсан арадағы

Тәртіптік комиссия алқаның 6 адвокаты — Леппик С.Г., Сахипов К.М., Жұбатұлы Б.,Камбарова К.Г., Степаненко И.Г., Каналина М.К; отставкадағы 2 судья — Уристембаева М.Г., Жусупов К.Р.; жұртшылықтың өкілдері — Ахметов К.Н., Нурлин А.К., Довматенко Д.А. құрамында қызмет жасады.

Ақтөбе облысының Әділет департаментінің іс жүргізуді қозғау туралы ұсынымы негізінде 4 іс қаралды, соттардың жеке қаул негізінде 3 іс қаралды, алқа төралқасы төрағасының ұсынымы және жеке түлғалар шағымы негізінде істер қаралған жоқ.

Істерді қарау нәтижесінде 4 іс бойынша «ескерту» тәртіптік жазасы қолданылды.

Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережесінің 93 тармағының 1 тармақшасы негізінде 2 іс тоқталды (адвокаттың әрекетінде қолданыстағы заңнамы бұзушылығы жоқтығына байланысты).

Адвокатқа жол берілген бұзушылық туралы көрсете отырып, адвокат жасаған теріс қылықтың маңызы шамалы болуына байланысты тәртіптік іс жүргізуі Ереженің 93 тармағы 5 тармақшасы негізінде 1 іс тоқтатылды.

Комиссия төрағасымен 1 ұсыным бойынша адвокатты тәртіптік жазаға тарту мерзімі өтуіне байланысты тәртіптік іс жүргүзуді қозғаудан бас тартылған, 1 іс бойынша осындай әрекет адвокаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты емес шағымға қолданылған.

Апелляциялық сатында адвокатт жөніндегі 1 жеке қаул адвокаттың жеке шағымы негізінде күшін жойған.

Қазақ тілінде 2 іс, орыс тілінде 5 іс қаралды.

Комиссия жұмыс жасау барысында адвокат Каналина М.К. алқада мүшелігін тоқтатты.

Закрыть меню