АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ​

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы

Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

“Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-2 бабын және “Нотариат туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңының 7-2 бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр
Б. Имашев

 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылы 27 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына 1-қосымша

Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер және адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi – аумақтық әдiлет органдары) құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi – Комиссия) аттестаттаудан өтедi.

Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.

Комиссия жетi мүшеден – үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.

Адвокаттардың кандидатураларын адвокаттар алқасының президиумы айқындайды және комиссияның құрамына қосу үшiн аумақтық әдiлет органына ұсынады.

Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.

Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.

Комиссия мүшелерiнiң бiрi оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнiнен бастап жаңа мүшесi бiр айдан кешiктiрiлмей құрамға енгiзiледi.

Аумақтық әдiлет органы басшысының аттестаттау комиссиясының мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.

Аумақтық әдiлет органы Комиссияның қызметiн ұйымдастыру үшiн аумақтық әдiлет органы қызметкерлерiнiң iшiнен Комиссия хатшысын тағайындайды.

Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады және отырыстардың хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Комиссия мүшесi болып табылмайды.

Комиссияның дербес құрамын аумақтық әдiлет органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi.

3. Мыналар: Заңның 8-1 бабы 2 тармағының 1) және 3) тармақшаларында қарастырылған адамдар және “Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдар Комиссияда аттестаттаудан босатылады.

4. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы. Аумақтық әдiлет органы бұқаралық ақпарат құралдарына отырыстың өткiзiлетiн күнi туралы хабарлайды.

Комиссия отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тiркеледi және Комиссия материалдарымен бiрге сақталады.

2. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi

5. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адам тағылымдамадан өткеннен кейiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзiн аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi мына құжаттармен бірге:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

2) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды (порталға жүктеу кезде құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады) қоса бере отырып, тұрғылықты жерi бойынша аумақтық әдiлет органдары арқылы комиссияға жiбередi.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 № 1055 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

6. Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар пакетi толық берiлмеген жағдайда, аумақтық әдiлет органының кеңсесiне пошталық байланыс бөлiмдерi арқылы келiп түскен өтiнiш берiлген құжаттармен бiрге олардың түскен күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады. Үмiткер құжаттарды қолма қол ұсынған кезде, өтiнiштi қайтару берiлген құжаттармен бiрге қаралмай дереу жүргiзiледi.

7. Өтiнiштi қарамай қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда, аумақтық әдiлет органы құжаттарды Комиссияның қарауына жiбередi. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға жiберу не жiберуден бас тарту туралы шешiм шығарады.

Егер үмiткер Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жiберуден бас тартылады.

Аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмдi аумақтық әдiлет органдары өтiнiш келiп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей үмiткерге жiбередi.

Аттестаттауға жiберуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.

3. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары

8. Аумақтық әдiлет органы аттестаттауға жiберiлген үмiткердi аттестаттаудың өтетiн орны, күнi, уақыты туралы оны өткiзгенге дейiн он күнтізбелік күнiнен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.

Аттестаттауға жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмдерi оны өткiзгенге дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аумақтық әдiлет органының интернет-ресурстарында орналастырылады.

Аттестаттау қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

Комиссия отырысына келген кезде үмiткердiң өзiнде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиiс.

9. Аттестаттау екi кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;

2) үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.

Yмiткер өз қалауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы. Үмiткер өзi таңдаған тiлiн аттестаттау басталғанға дейiн жазбаша растайды.

10. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік құқығы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, Заң) сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.

Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi. Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минутты құрайды.

Тест құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

Аттестаттауды өткiзер алдында Комиссия үмiткердi аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.

11. Комиссияның отырысында оның күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда), тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестаттаудан өтушiнiң жауаптары, Комиссия мүшелерiнiң қойған балдары мен билет сұрақтары бойынша жалпы орташа балы, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiлетiн хаттама (бұдан әрі – Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.

Хаттамаға аттестаттауды жүргiзуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.

12. Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, үмiткер Комиссия хаттамасының негiзiнде аттестаттаудан шеттетiледi.

Аттестаттаудан шеттетiлген үмiткер шешiм шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң осы Қағидалардың 5 және 8-тармақтарында көзделген тәртiппен аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта беруге құқылы.

13. Аттестаудан өту үшін ұсынылған сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.

Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бірден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.

Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.

14. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

15. Емтихан билеттерiне енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Емтихан билеттерi адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына сәйкес келуi тиiс үш сұрақтан тұрады.

Емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

16. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына үмiткердiң жауап дайындауы үшiн 10 минут уақыт берiледi. Комиссия мүшелерi үмiткердiң емтихан билетiнiң ауызша сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

Төрағалық етушi екiншi кезеңнiң қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерi шығарған нәтижелердi есептейдi және жалпы орташа балды шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балының жалпы санын Комиссияның қатысушы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 деп есептелсе, 3,3 деп бағаланады, 4,2 деп есептелсе, 4,2 деп бағаланады және т.б.

Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестаттаудан өтушiнiң емтихан билетiнiң сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.

Егер жалпы орташа балл кемiнде төрт балды құраса және одан жоғары болса, үмiткер аттестаттаудан өттi деп саналады.

17. Тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижелерi бойынша Комиссия осы Қағиданың 3, 4-қосымшаларынасәйкес нысандар бойынша аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы дәлелдi шешiм шығарады. Аттестаттау нәтижелерi үмiткердiң аттестаттаудан өткен күнi ол аяқталғаннан кейiн жария етiледi.

Комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.

 Заңының 7-2 бабы 9 тармағына сәйкес Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешiмi оның шығарылған сәтiнен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.

Аттестаттаудан өтпеген үмiткер бiр жылдан соң қайта аттестаттауға жiберiледi.

18. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, iссапарда болу себебiнен, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан қатысудың мүмкiн еместiгi) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртiппен Комиссияның келесi отырысына шақырылады.

Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды және аумақтық әдiлет органдарына ұсынылған құжаттармен бiрге қайтарылады.

Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 1-қосымша
 
Нысан
 
Адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттау жөніндегі
комиссияның төрағасына
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң 
аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы _________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы,
ауданы, (елдi мекені, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 № 1055 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Маған адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

Осымен:

шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Жеке тұлға____________________________күні:___________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 
Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 2-қосымша

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 № 1055 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

__________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

I. Диплом туралы мәлімет:
1. жоғарғы оқу орнының атауы_____________________________________________________
2. мамандықтың шифрі ___________________________________________________________
3. дипломның нөмірі _____________________________________________________________
4 дипломның берілген күні ________________________________________________________
5. “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
________________________________________________________________________________
1. сериясы және нөмірі: 
2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні _________________________________________________________

II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ___________________________
2. _________________________________________облысының/қаласының адвокаттар алқасы
3. тағылымдама жетекшісі_________________________________________________________
4. тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі_________________________________
5. тағылымдаманың басталу күні ___________________________________________________
6. тағылымдаманың аяқталу күні ___________________________________________________

Жеке тұлға ______________________________күні:___________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

 
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық
қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу қағидаларына
3-қосымша

Нысан

Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткердi аттестаттау туралы шешiмi

____________ қаласы 20____ жылғы “___” ___________

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша

_____________________________________________________________________

 (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

тестiлеу бойынша ___________________________ балл

емтихан билетi бойынша ______________ балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелерi

___________________________________ аттестатталсын деп шештi.

 (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

 
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық
қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу қағидаларына
4-қосымша


Нысан

Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткердi аттестаттамау туралы шешiмi

_______________ қаласы 20___ жылғы “___” _______

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша

_____________________________________________________________________

 (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

тестiлеу бойынша ____________________________ балл

емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелерi

шешiм шығарды:

_________________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.

 (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылы 27 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына 2-қосымша