РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ

Республикалық адвокаттар алқаларының конференциясымен
2018 жылы 23 қарашада
бекітілген

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Республикалық адвокаттар алқасы облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының адвокаттар алқаларының (бұдан әрі – аумақтық алқалар) міндетті мүшелігіне негізделген, Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар алқаларына және адвокаттарға өкілдік ету және олардың мүдделерін қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында құрылған коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін өзі басқаратын, өзін өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

2. Республикалық адвокаттар алқасының атауы (бұдан әрі – Алқа):

мемлекеттік тілде – «Республикалық адвокаттар алқасы»;

қысқартылған    атауы – РАА;

орыс тілінде – «Республиканская коллегия адвокатов»;

қысқартылған  атауы – РКА;

ағылшын тілінде – «The National Bar Association»;

қысқартылған атауы – NBA.

3. Алқа өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»    Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің, Республикалық адвокаттар алқалары конференциясының шешімдерінің, Алқа төралқасының шешімдерінің (бұдан әрі – Төралқа) және осы Жарғының негізінде жүзеге асырады.

4. Алқаның (оның Төралқасының) орналасқан жері: Z05K5K8, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс, 706 кеңсе.

2. АЛҚАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 

5. Республикалық  адвокаттар алқасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Республикалық адвокаттар алқаларының конференциясымен (бұдан әрі – Конференция) коммерциялық емес ұйым ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған. 

6. Алқа заңды тұлға болып табылады, оның  дербес теңгерімі, сметасы, банктерде есептік, валюталық және өзге де шоттары, дөңгелек мөрі, мөртабаны, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде толық атауы жазылған бланкілері, сондай-ақ  белгіленген тәртіпте бекітілген танымбелгісі бар.

7. Алқа өзін өзі басқару ұйымы ретінде меншігінде оқшауланған мүлкі (ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үйжайлар, көлік, жабдық, құрал-сайман, ақша қаражаттары, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлкі) болуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды иеленуге, пайдалануға және билік етуге, сондай-ақ баспа қызметін жүзеге асыруға құқылы.

8. Алқаның құқыққа қабілеттілігі оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды және ол таратылған сәтте тоқтатылады.  

9.  Алқа өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның шегінен тыс жерлерде жүзеге асырады. Алқаның қызмет ету мерзімі шектеуксіз.

10. Алқа өз мүшелерінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді, Алқа мүшелері Алқаның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.

11. Республикалық адвокаттар алқасы және аумақтық адвокаттар алқалары олардың қызметтерін жүзеге асыру үшін өзге де органдарды құруы мүмкін.

3. АЛҚА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

12. Алқа қызметінің қағидаттары:

1) дербестік;

2) Алқаның барлық мүшелерінің  тең құқықтығы;

3) қызметінің ашықтығы, өз мүшелерінің алдында есеп берушілігі, жауапкершілігі;

4) шешімдерді қабылдауда және оларды жүзеге асыруда тиімділік, жүйелілік және жеделдік.

13. Алқа қызметінің мәні мен мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қауымдастығының шоғырландырылуы;

2) аумақтық алқалардың қызметтерін үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлердегі мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда аумақтық алқалардың және адвокаттардың мүдделерін қорғау және оларға өкілдік ету;

4) адвокаттық қызмет мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын біркелкі қолдану жөніндегі іс-шараларды қабылдау арқылы адвокаттар көрсететін заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету;

5) адвокат кәсібінің беделін арттыру, адвокаттық қызметтің ұйымдастыру-құқықтық негіздерін, адвокаттардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын нығайту;

6) адвокатураны  ұйымдастырудың және оның қызметінің танылған халықаралық қағидаттарын, адвокаттардың кәсіби мінез-құлық ережелерін енгізу;

7) Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды және құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қатысу;

8) өңірлік және халықаралық деңгейлерде адвокаттардың кәсіби және мәдени байланыстарын орнату және дамыту;

9) азаматтардың құқықтық мәдениетінің және құқықтық санасының жетілдірілуіне жәрдемдесу;

10) адвокатура мен адвокаттық қызметтің,  ұлттық және халықаралық құқықтың мәселелері мен проблемаларын жарыққа шығаруға бағытталған баспа қызметін жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге қызмет.

4. АЛҚАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

14. Аумақтық алқалар мен адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларға өкілдік ету саласында Алқа:

1) Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Алқаның, аумақтық алқалардың және адвокаттардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды және оларға өкілдік етеді;

2) өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа  да ұйымдармен өзара әрекеттеседі;

3) Қазақстан Республикасының өкілетті және өзге де органдарына кандидаттарды ұсынады;

4) аумақтық алқалар мен адвокаттардың мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте адвокаттық қызметке қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысады;

6) аумақтық алқалардың және адвокаттардың құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;

7) бұқаралық ақпарат құралдарын құрады;

8) өз қызметі туралы ақпаратты таратады;

9) Алқаның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Адвокатураның қызметін ұйымдастыру және аумақтық адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру саласында Алқа: 

1) өз құзыретінің шегінде аумақтық адвокаттар алқалары мен олардың мүшелері үшін орындалуы міндетті болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдайды;

2) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша адвокаттар және аумақтық адваокаттар алқалары қызметінің ақпараттық және әдістемелік қамсыздандырылуын жүзеге асырады;

3) ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу арқылы  адвокаттар арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі;

4) адвокатураның институттарын жетілдіру және дамыту мақсатында бірыңғай әдіснамалық құжаттарды әзірлейді;

5) адвокаттық қызметті және заң көмегін көрсету қызметін талдайды және жинақтап қорытындылайды;

6) адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішхат енгізеді;

7) адвокаттар алқасының және оның басқару органдарының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен)  және (немесе) шешімдерімен олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы азаматтардың өтініштерін қарайды;

8) адвокаттар алқаларына мүшелікті тоқтату туралы шағымдарды қарайды;

9) аумақтық адвокаттар алқалары төралқаларының адвокаттар алқаларының мүшелігіне қабылдау туралы шешімдеріне түсірілген шағымдарды қарайды;

10) аумақтық адвокаттар алқалары төралқаларының тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешімдеріне түсірілген шағымдарды қарайды;

11) адвокаттардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне түсірілген шағымдарды қарайды;

12) адвокаттар мен адвокаттар алқаларын  марапаттаумен және көтермелеумен байланысты іс-шараларды ұйымдастырады және  өткізеді.

13) адвокаттардың және адвокаттық бірлестіктердің наградаларын және көтермелеулерін (төсбелгілер және құрметті атақтар, сондай-ақ,өзге де кәсіби айырым белгілерін) белгілейді;

14) заңнамада белгіленген тәртіпте адвокаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттауға және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсыныс білдіруге өтініш жасайды;

15) адвокаттарды Алқа органдарының құжаттарымен және шешімдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

16) тоқсан сайын Алқа мүшелерін өз қызметі, оның басқарушы органдарының шешімдері туралы мәлімдейді.

16. Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, аккредиттеу және аттестаттау саласында Алқа:

1) адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды кәсіби даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді;

2) білім беру ұйымдарын, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін, соның ішінде ғылыми қызмет субъектілерін аккредиттеудің тәртібі мен нысандары туралы ұсынымдарды әзірлейді, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізеді;

3) адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысына қатысады;

4) адвокаттардың аттестациясын өткізудің бірыңғай тәртібін қалыптастырады.

17. Халықаралық байланыстарды дамыту саласында алқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) өз қызметінің мақсаттарына сәйкес адвокаттардың халықаралық және шетелдік ұйымдарымен, халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен байланысын орнатады және дамытады;

2) қоағмдық бірлестіктер одақтарының (қауымдастықтарының) мүшесі бола алады, соның ішінде халықаралық коммерциялық емее қоғамдық бірлестіктерге мүше болып кіруге құқылы.

18. Алқа жарғылық мақсаттарды орындау үшін өз атынан мәмілелерді, соның ішінде сыртқы экономикалық мәмілелерді де және басқа да заңдық іс-әрекеттерді жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға әрі жауапкершілік көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

19. Егер оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келсе,  Алқа кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы.

5. АЛҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

20. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың адвокаттар алқалары (бұдан әрі – аумақтық алқалар) Алқаның мүшелері болып табылады. Алқаның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері тең.

21. Аумақтық алқалар:

1) Алқаның сайланбалы органдарына өз өкілдерін ұсынуға және оларды сайланбалы лауазымнан шақыртып алуға;

2) Алқа қызметінің мәселелерін талқылауға және оның органдарының шешімдерін қабылдауға қатысуға;

3) Алқаның сайланбалы органдарына олардың жұмысын ұйымдастыру туралы ұсыныстармен жүгінуге;

4) Алқадан жәрдем алуға, көмегін пайдалануға және қорғалуына;

5) Алқа көрсететін консультациялық, құқықтық және әдістемелік көмектің барлық түрлерін пайдалануға құқылы.

22. Аумақтық алқалар:

1) адвокаттық қызмет мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Жарғының ережелерін сақтауға;

2) Алқа құзыретінің шегінде қабылданған Алқа органдарының шешімдерін орындауға;

3) осы Жарғымен белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қатысуға;

4) Республикалық адвокаттар алқаларының конференциясына және Алқа төралқасының жұмысына қатысуға;

5) адвокаттарды және олардың көмекшілерін кәсіби даярлаудың бірыңғай әдістемесіне сәйкес адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыуға және өткізуге;

6) Конференция мен осы Жарғыда белгіленген тәртіпте және мөлшерде Алқаның қызметін қамтамасыз етуге қажетті аударымдарды енгізуге міндетті.

6. АЛҚАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ОРГАНДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ҚҰЗЫРЕТІ

6.1. Республикалық адвокаттар алқаларының конференциясы

23. Жылына кем дегенде бір рет, қажеттілік туындаған кезде – жыл сайын шақыртылатын Республикалық адвокаттар алқаларының конференциясы (бұдан әрі –  Конференция) Алқаның жоғарғы органы болып табылады. Егер оның жұмысына Алқа мүшелерінің кемінде төрттен үші қатысса, Конференция  заңды болып есепателеді. Конференцияның шешімі оның жұмысына қатысып отырған делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады. Әр делегат бір дауысқа ие.

24. Конференция Алқа қызметінің кез келген мәселелерін шешуге құқылы.

25. Конференцияның айрықша құзыретіне:

1) Алқаның жарғысын (бұдан әрі –  Жарғы) қабылдау  және оған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу;

2) Алқа төралқасының орналасқан жерін анықтау;

3) Алқа төралқасының сандық құрамын бекіту;

4) Алқа төралқасының мүшелерін сайлау және лауазымнан босату;

5) Алқа төрағасын сайлау және лауазымнан босату;

6) Алқаның тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлау және лауазымнан босату;

7) адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасын және мүшелерін сайлау және лауазымнан босату;

8) Республикалық адвокаттар алқаларының конференциясына адвокаттар алқаларынан делегаттартардың өкілдік ету нормасын бекіту;

9) Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексін бекіту және оған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу;

10) адвокаттардың аттестациясын өткізу тәртібі туралы ережені бекіту;

11) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын бекіту;

12) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсетудің сапа өлшемдерін бекіту;

13) адвокаттық мантияның нысаны мен сипаттамасын бекіту;

14) адвокат куәлігінің нысанын бекіту;

15) уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттар тағылымгерлерімен тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту;

16) уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;

17) адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін бекіту;

18) уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттық сауалдың нысанын, ресімдеу тәртібін және  жолдау тәртібін бекіту;

19) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібін бекіту;

20) адвокаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы мінез-құлық ережелерін бекіту;

21) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекіту;

22) адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекіту;

23) Алқаның қызметі үшін қажетті органдарды: этика жөніндегі комиссияны, адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны, ғылыми-консультативтік кеңесті немесе өзге де органдарды құру және олардың құрамын анықтау, аталған органдардың мүшелерін сайлау және олардың жұмысы туралы ережені бекіту;

24) адвокаттардың алқалары Алқаның жалпы қажеттіліктеріне енгізетін жарналардың мөлшері мен жарналарды енгізу тәртібін блегілеу;

25) Алқаны ұстауға жұмсалатын шығыстар сметасын бекіту;

26) Алқа төралқасының есебін, соның ішінде Алқаны ұстауға арналған шығыстар сметасын орындау туралы есебін бекіту;

27) Алқаның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы тексеру комиссиясының есебін бекіту;

28) Конференцияның регламентін бекіту;

29) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

26. Тексеру комиссиясының немесе адвокаттар алқаларының жалпы санынан кем дегенде үштен бір бөлігінің талабы бойынша Алқаның төралқасы екі айдың ішінде кезектен тыс Конференцияны шақыруға міндетті.

6.2. АЛҚАНЫҢ ТӨРАЛҚАСЫ

27. Төралқа Алқаның алқалы атқарушы органы болып табылады. Төралқаны Конференция жасырын дауыс беру арқылы төрт жылға сайлайды, Төралқа әрбір адвокаттар алқасының саны бірдей өкілдерінен құралады. Төралқаға сайланатын адвокаттардың санын Конференция белгілейді.

Бір тұлға Алқаның төралқасына бір реттен артық мүше бола алмайды.

28. Төралқа:

1) Алқаның жұмысын ұйымдастырады;

2) Конференцияның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

3) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 67-бабына сәйкес Конференцияның бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;

4) аумақтық алқалардың қызметін үйлестіреді;

5) өз өкілдерін заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарына ұсынады;

6) адвоаттардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғайды;

7) адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды кәсіби даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді; 

8) аумақтық алқалардың олардың қызметі туралы есептерін тоқсан сайын жинақтап қорытады;

9) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін нысан бойынша адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тапсырады;

10)  қажеттілігіне қарай  Төралқаның өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша комиссияларды, жұмыс топтарын құрады, олар туралы ережелерді бекітеді;  

11) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

12) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

13) жыл сайын мониторингтің нәтижелері бойынша алқа адвокаттарының көрсететін қызметтерінің (көрсетілетін қызмет түрлері бойынша) орташа құнын белгілейді және осы ақпаратты Алқаның интернет-ресурсында орналастыруды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;

14) Алқаның интернет-ресурсына:

– адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттар тізімін, сондай-ақ  соңғы өзгертулер енгізілген аумақтық адвокаттар алқалары адвокаттарының тізімдерін;

– адвокаттық қызметке және заң көмегіне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;

– Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексін;

– заң көмегін көрсету стандарттарын;

– заң көмегі сапасының өлшемдерін;

– біліктілікті арттыру стандарттарын;

– әрбір ерекшелік бойынша жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын Республикалық адвокаттар алқасының қаржы- шаруашылық қызметі туралы есепті;

– адвокаттар алқалары төралқаларының және Республикалық адвокаттар алқасының құрамдары туралы мәліметті;

– кешенді әлеуметтік заң көмегінің көрсетілгені туралы мәліметті;

– адвокатураның тәртіптік комиссиясының жұмыс қорытындыларды;

– адвокатураның іс-шаралары мен оқиғаларын;

– және Республикалық адвокаттар алқасының қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;

15) кезекті Конференцияны шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;

16) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Конференциялар арасындағы кезеңде Алқа төралқасы мүшелерінің,   тексеру комиссиясы мүшелерінің, адвокатураның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің, этика жөніндегі комиссия мүшелерінің, аумақтық алқалардан шығарылған адвокаттардың құқықтарын қорғау комиссиясы  мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдерді қабылдайды;

17) Тексеру комиссияның немесе алқалардың жалпы санынан кем дегенде үштен  бір бөлігінің талабы бойынша, осындай талап түскен күннен бастап екі айдың ішінде кезектен тыс Конференцияны шақырады;

18) Алқа құратын аумақтық алқаларды және адвокаттарды марапаттауға және көтермелеуге ұсынудың негіздері, шарттары мен тәртібі туралы ережені бекітеді;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте адвокаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыну және оларға құрметті атақтар беру туралы өтініш білдіреді;

20) баспа қызметін жүзеге асырады;

21) сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Алқаның мүлкіне иелік етеді;

22) Төралқаның регламентін, Алқаның танымбелгісін, Тексеру комиссиясы туралы ережені бекітеді;

23) Алқа аппаратының штат кестесін және қызметкерлерінің еңбекақысын, сондай-ақ бекітілген шығыстар сметасының шегінде адвокаттарға төленетін сыйақы мен олардың Алқаның органдарындағы жұмысымен байланысты шығыстарын өтеу мөлшерн бекітеді;

24) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

29. Төралқаның отырысын Алқа Төрағасы  қажеттілігіне қарай, бірақ  тоқсанында кемінде бір рет шақырады. Отырысқа Төралқа мүшелерінің кеміндее үштен екісі қатысқан жағдайда отырыс заңды болып саналады.

30. Төралқаның шешімдері отырысқа жеке өздері қатысқан Төралқа мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Алқа Төрағасының даусы шешуші болып саналады. 

31. Төралқа «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және осы Жарғының талаптарын орындамаған жағдайда Төралқаның өкілеттіктері кезектен тыс Конференцияда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

32. Төралқа мүшесінің өкілеттіктері:

1) Төралқаға жазбаша арыз беру арқылы өз өкілеттіктерін өз еркімен қосқан;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте адвокат мәртебесін жоғалтқан;

3) адвокаттар алқасының жалпы жиналысының шешімі негізінде Төралқаның құрамынан өз өкілін қайта шақыртып алған жағдайларда  кезектен тыс Конференцияда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

6.3. АЛҚА ТӨРАҒАСЫ

33. Кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокат алқаның төрағасы болып сайлана алады. Алқа төрағасын Конференция жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.  Бір тұлға бір реттен артық Алқа төрағасы лауазымын иелене алмайды.

34. Төраға Конференцияда сайлау нәтижелері жария етілген сәттен бастап өз өкілеттігін орындауға кіріседі және жаңа сайлау қорытындылары жария етілген сәттен бастап оларды орындауды тоқтатады.

35. Төраға:

1) Алқаны мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, жеке тұлғалармен қарым-қатынастарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Алқаның мүддесін білдіреді;

2) сенімхатсыз Алқаның атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттарды береді;

4) Төралқаның отырыстарын шақырады және өткізеді, оның отырыстарында төрағалық етеді;

5) конференцияларды дайындайды және өткізеді;

6) Алқа аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан босатады;

7) Алқаның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Алқа аппаратының барлық қызметкерлеріне орындалуы міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;

8) Алқаның атынан мәмілелер жасайды және Төралқаның шешімі бойынша  сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Алқаның мүлкіне иелік етеді;

9) Төралқа мен Конференция шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

10) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

36. Төрағаның өкілеттіктері:

1) Төралқаға жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілеттіктерін өз еркімен қосқан;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте адвокат мәртебесін жоғалтқан;

3) осы Жарғыда көзделген тәртіпте Конференцияның кезектен тыс конференциясында Төрағаның өкілеттіктері  мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда  мерзімінен бұрын тоқтатылады

37. Осы Жарғының 36-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Төрағаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Төралқа тиісті оқиға орын алған күннен бес жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық алқаларды өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататыны туралы мәлімдейді және осындай шешімнің себептерін атайды, сондай-ақ отыз жұмыс күннің ішінде жаңа Төрағаны сайлау үшін Конференцияны шақырады.

Жаңа Төраға сайланғанға дейінгі кезеңде оның міндеттері Төралқаның шешімі бойынша Төралқа мүшелерінің біріне жүктеледі.

6.4. АЛҚАНЫҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

38. Алқаның тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссия) оның қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі бақылау функцияларын жүзеге асыратын және Конференцияға есеп беретін Алқаның бақылау органы болып табылады.

Тексеру комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады, оның төрағасы мен мүшелерін Конференция ашық дауыс беру арқалы екі жыл мерзімге сайлайды. Тексеру комиссиясының мүшелері Алқада өзге де сайланбалы лауазымды иеленуге құқылы емес.

Бір тұлға бір мерзімнен артық тексеру комиссиясының құрамына мүше бола алмайды.

39. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта Алқаның қаржы-шаруашылық қызметін тексеруге құқылы және осы мақсатта оның органдарының бүкіл құжаттамасына қол жеткізуге құқығы бар. Тексеру комиссиясының талабы бойынша Алқа органдарының мүшелері ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

40. Тексеру комиссиясы міндетті түрде Алқаның қаржы-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті тексереді және Алқаның интернет-ресурсында  оның нәтижелерін орналастырады.

Тексеру нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы есепті әзерлейді, есепке оның мүшелері қол қояды және Алқаның Төрағасы мен  Төралқа мүшелеріне танысу үшін ұсынылады. 

Тексеру комиссиясы кезекті Конференцияда бекіту үшін есепті ұсынады. 

41. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі, есепті беру мерзімділігі осы Жарғыда және Тексеру комиссиясы туралы ережеде белгіленеді.

6.5. АДВОКАТУРАНЫҢ ТӘРТІПТІК КОМИССИЯСЫ

42. Адвокатураның Тәртіптік комиссиясы Алқаның органы болып табылады, оның құзыретіне:

1) адвокаттардың аумақтық алқаларының басқару органдарының мүшелерін, Алқаның басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауапкершілікке тарту;

2) адвокаттардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне шағымдарды қарастыру;

3) тәртіптік практиканы жинақтап қорыту.

43. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы Конференция сайлайтын және Конференцияға есеп беретін Алқаның тәуелсіз органы болып табылады. Тәртіптік комиссияның шешімдері міндетті сипатқа ие.

44. Республикалық адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша адвокатураның Тәртіптік комиссиясының құрамына кемінде бес жыл адвокаттық тәжірибесі бар алты адам, уәкілетті орган ұсынған үш жұртшылық өкілі,  екі отставкадағы судья енгізіледі.

Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады.

Комиссияның Төрағасы  мен  мүшелері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланады.

Бір тұлға адвокатураның тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық мүше бола алмайды.

Адвокатураның тәртіптік комиссиясының өкілеттік ету мерзімі екі жыл құрайды.

45. Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының қызмет ету тәртібі және Тәртіптік комиссиямен шешімдерді қабылдау рәсімі Конференция бекітетін Ережеде белгіленеді. 

46. Аумақтық адвокаттар алқаларының басқару органдарының мүшелерін, Алқаның басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауапкершілікке тарту «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 72-бабында белгіленген қағидалармен жүргізіледі.

6.6. ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС

47. Ғылыми-консультативтік кеңес Конференция Алқаның адвокаттық қызметті жетілдіру мәселелері, сондай-ақ адвокаттық практика мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды, қорытындылар мен ұсынымдары әзірлеу жөніндегі қызметін ғылыми сүйемелдеу мақсатында құрылатын, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 65-бабының 10-тармағына, Ғылыми-консультативтік кеңес туралы ережеге  және осы Жарғыға сәйкес қызмет ететін Алқаның консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

48. Ғылыми-консультативтік кеңестің құрылу және қызмет ету тәртібі, сондай-ақ оның құзыреті Конференция бекітетін ережемен белгіленеді.

6.7. АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ

49. Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Конференция заңнамада тыйым салынбаған тәсілдерді қолдана отырып, адвокаттар құқықтарының бұзылуын болдырмау, адвокаттардың құқықтарын бұзумен байланысты істерді қарау практикасын жинақтап қорыту үшін қажетті шаралар жайлы  ұсыныстарды енгзізу арқылыі  адвокаттардың құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастыратын және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 65-бабының 10-тармағына, Комиссия туралы Ережеге және осы Жарғыға сәйкес қызмет ететін Алқаның органы болып табылады.

50. Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны ұйымдастыру тәртібі және оның құзыреті Конференция бекітетін ережемен белгіленеді.

7. АЛҚА МҮЛКІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА БИЛІК ЕТУ ТӘРТІБІ

51. Алқаның мүлкін құру көзі – аумақтық алқалардың жарналары. Алқаның мүлкі сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардан Қазақстан Респуб ликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте түсетін гранттар мен қайырымдылық көмек (жәрдем ретінде берілген қаражат) есебінен де құрылуы мүмкін. 

52. Алқаның бухгалтерлік теңгерімінде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте көрсетілген ұлттық және шетелдік валютадағы негізгі құралдар, ақша қаражаттары және өзге де жылжымалы және жылжы майтын мүлік Алқаның меншігін құрайды.

53. Алқа мүлікке жарғылық мақсаттарға сәйкес иелік етеді.

Алқаның жалпы қажеттіліктері түріндегі шығындар Алқаның материалдық қамтамасыз етуге, адвокаттарға төленетін сыйақыға жұмсалатын шығыстар және адвокаттардың Алқа органдарындағы жұмысымен байланысты шығыстардың өтемақысы, Алқа аппараты қызметкерлерінің еңбекақысына жұмсалатын шығыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен Алқаның сметасында көзделген өзге де шығыстар болып табылады.

54. Алқаның аумақтық органдары Конференция белгілейтін мөлшерде қаражатты Алқаның есептік шотына әр айдың жиырма бесінші күнінен кешіктермей аудару арқылы ай сайынғы жарналарды енгізеді.

55. Алқаның жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін жолданған нақты кәсіпорындар мен бағдарламаларды қаржыландыруға арналған мақсатты жарналардың мөлшерін және оларды төлеу мерзімін Төралқа аумақтық алқалардың төралқаларымен өзара келісе отырып белгілейді.

56. Алқа мүшелерінің олар Алқаға берген мүлікке, соның ішінде аударымдарға да құқығы жоқ. Конференцияның шешімдерінде көзделген жағдайларды қоспағанда Алқаның мүлкіне, соның ішінде ақша қаражаттарына Төраға Төралқаның шешімі бойынша және сметаның шеңберінде тікелей билік етеді. 

57. Алқаға меншік құқығында тиесілі, құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам мүлікті иеліктен шығару немесе оған ауыртпалықтар салу Төралқаның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

8. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ЕНГІЗУ

1. Жарғыға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы шешім Конференцияның сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі болған жағдайда олардың дауыстарының үштен екі бөлігімен қабылданады.

2. Жарғыға өзгертлер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды беру құқығы Алқа мүшелерінің әрқайсысына тиесілі.

9. АЛҚАНЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

60. Алқаның қайта ұйымдастырылуы ерікті түрде немесе Конференцияның шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

61. Алқаны тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жүзеге асырылады. Алқаны ерікті түрде тарату туралы шешім Конференцияда барлық делегаттардың дауыстар санының кемінде үштен екісімен қабылдануы тиіс.

62. Алқа таратылған жағдайда Конференцияның шешімі немесе сот үш адамнан тұратын тарату комиссиясын тағайындайды. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған Алқаның мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер жүктеледі.

63. Комиссия таратылған жағдайда оның мүлкі Комиссия мүшелерінің арасында бөліп таратылмайды және ол Алқаныңң несие берушілерге беруі тиіс берешектерді өтеуі үшін пайдаланылады және Алқаның Жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.

64. Алқаның таратылуы туралы жазба заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізілгеннен кейін Алқаның қызметі аяқталған, ал Алқа өз өкілеттіктерін тоқтатқан болып саналады.