МКБЗК көрсету туралы келісім нысаны

ЗАҢНАМА” бөліміне артқа қайту

Бастапқы редакция (Актуалды бұйрық нұсқасын ЭББ сайтында таба аласыз)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығы

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы»

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысаны бекітілсін.

2. “Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 273 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8632 болып тіркелген, 2013 жылы 2 қарашасында “Казахстанская правда” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      МинистрМ. Бекетаев
 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1453 бұйрығымен
бекітілді
 Нысан

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім

      _______________________                        “__” ___________ 20 ___ ж.

      жасаған жері

      ________________________________________________________________________________

      (әділет департаментінің атауы)

      әділет департаменті бюджеттік қаражат есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегін

      алуға құқығы бар азаматтардың мүдделеріне орай іс-әрекет етуші, бір жағынан бұдан әрі

      “Әкімші” деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      (әділет органының басшысы немесе осы келісімге қол қоюға уәкілетті өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      арқылы, “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Қазақстан Республикасының

      2018 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 5-тармағын

      басшылыққа ала отырып, және Адвокат

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________________________________,

      (адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысаны)

      адвокаттық қызметпен айналысуға ______________________ лицензиясы бар,

      (лицензияның нөмірі және берілген күні)

      ________________________________________________________________________________

      (адвокаттар алқасының атауы)

      адвокаттар алқасына мүше болып табылатын, адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысушы адвокаттардың тізіміне енгізілген, екінші жағынан бұдан әрі “адвокат” деп аталатын, төмендегілер туралы осы Келісімді жасады:

1. Адвокат Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:

1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшылар мен жауапкерлерге;

3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;

4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға. адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды. 

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі азаматқа тегін көрсетіледі.

Адвокаттың көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін адвокат келесілерді жүзеге асырады: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іс жүргізу өкілеттіктерін қолданады;

2) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекетті орындауды;

3) өзiнiң кәсiби қызметінде адвокатураның ұйымдастыру мен қызметі қағидаттарын басшылыққа алады.

3. Адвокат құжаттарды, материалдарды, өзге де мәліметтерді қоса алғанда, азаматтарға толық білікті заң көмегін көрсетуге қажетті ақпаратты табыс етпеуден немесе жасырудан осы Келісім шарттарының орындалмауына, сондай-ақ азаматтардың шындыққа сай келмейтін (оның ішінде құжатталған) ақпаратты табыс етуіне байланысты салдарларға жауапты болмайды.

4. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден мынадай шарттардың бірі болған кезде бас тартады:

1) арыз беруші Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаған жағдайда;

2) арыз беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаған жағдайда;

3) арыз берушінің Заңның 27-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда;

4) арыз беруші бұдан бұрын осы мәселе бойынша құқықтық көмек алған жағдайда.

5. Әкімші Адвокаттың заң көмегін көрсеткені үшін және қорғау мен өкілдік етуіне байланысты шығыстарды өтеуге тиісті бюджеттік қаражатты адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының есебіне Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген уақытта аударады.

6. Осы Келісім екі данада жасалды (әрбір Тараптар үшін), қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылады.

Осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін Әкімші адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының төралқасына мәлімет үшін жібереді.

      Әкімші:                                          Адвокат:

      ___________(________________)            ___________(________________)

      (қолы, тегі, аты-жөні)                  (қолы, тегі, аты-жөні)

      ________________________________      ___________________________________

      Мекенжайы, пошталық индексі адвокаттар алқасының атауы

      _____________________________            ___________________________________

      Әкімшінің банктік деректемелері      Адвокаттар алқасының банктік деректемелері