МКБЗК көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысаны

ЗАҢНАМА” бөліміне артқа қайту

Бастапқы редакция (Актуалды бұйрық нұсқасын ЭББ сайтында таба аласыз)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығы

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы»

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңының 28 бабы 10 және 11 тармақтарына және “Мемлекеттік статистика туралы” Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы адвокаттың есебінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасынасәйкес;

2) адвокаттар көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебінің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрі
М. Бекетаев
 

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті

“___”______2018 жыл


Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1457 бұйрығына
1-қосымша
 
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
 

Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі
     

Есептік кезең 20___ жылғы “____”___________

Индекс: 1 – (МКБЗК)

Мерзімділігі: ай сайын

Ұсынатын адамдар тобы: адвокат

Қайда ұсынылады: адвокаттар алқасына

Ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

1-бөлім. Заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны туралы мәліметтер     
Көрсеткіштің атауыазаматтардың барлығыолардың ішінде ауылдық аудандардағы
1234
1Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны
2Қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, құқықтары қорғалған азаматтар саны
3Оның ішінде кәмелетке толмағандар
4
Құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны
5Құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтар саны
6Оның ішінде кәмелетке толмағандар
7Мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны
8оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды
9оның ішінде жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген
10оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды
11оның ішінде кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлер болып табылатынҰлы Отан соғысының қатысушылары
12Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар
13мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер
14І және ІІ топтардағы мүгедектер
15жасына байланысты зейнеткерлер
16оның ішінде заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды
17оның ішінде құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар
18Заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы)
2-бөлім. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету барысында орындалған жұмыстың жалпы сипаттамасы
Заң көмегін алу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау құралдары мен тәсілдеріМәлімделген өтініштер немесе берілген шағымдарҚанағаттандырылған өтінішхаттар немесе шағымдар
барлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттарбарлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың мәлімдемелері немесе шағымдары
19Білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар
20Процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар
21Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар
22Тергеу судьясының қаулыларына шағымдар
23Бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар
24Қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар, барлығы
25Оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүддесінде
26Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар
27Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар
28Азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар

* Ескертпе: Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебінің нысаны қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады.

Адвокат __________________________________________ ______________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))            (қолы)

__________________________________________ ______________

(толтыру күні)                        (телефон)

Адвокаттың мемлекет кепілдік
берген заң көмегін көрсетуі
туралы есебі нысанына
қосымша
 

“Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі” әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме


1. Осы түсіндірме “Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі” әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 1- (МКБЗК), мерзімділігі – ай сайын) толтыру тәртібін айқындайды.

2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

3. Нысанды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокат ай сайын жасайды.

4. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 5-күніне нақты деректер бойынша жасалады.

5. Нысанға адвокат қол кояды.

6. 1-жолда Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.

7. 2-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.

8. 3-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

9. 4-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.

10. 5-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.

11. 6-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

12. 7-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.

13. 8-жолда асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

14. 9-жолда жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

15. 10-жолда қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

16. 11-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

17. 12-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

18. 13-жолда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

19. 14-жолда І және ІІ топтардағы мүгедектер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

20. 15-жолда жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

21. 16-жолда заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

22. 17-жолда құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.

23. 18-жолда заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы Нысанның 6-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.

24. 19-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.

25. 20-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

26. 21-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.

27. 22-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.

28. 23-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

29. 24-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.

30. 25-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

31. 26-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

32. 27-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.

33. 28-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1457 бұйрығына
2-қосымша
 
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
 

Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтақ есебі


Есептік кезең 20____жылғы______

Индекс: 2 – (МКБЗК)

Мерзімділігі: жартыжылдық, өсу ретімен жылдық

Ұсынатын топ: адвокаттар алқасы

Қайда ұсынылады: аумақтық әділет органына

Ұсыну мерзімі: 5 шілде мен 5 қаңтардан кешіктірмей.

1-бөлім. Заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны туралы мәліметтер     
Көрсеткіштің атауыазаматтардың барлығыолардың ішінде ауылдық аудандардағы
1234
1Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны
2Қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, құқықтары қорғалған азаматтар саны
3Оның ішінде кәмелетке толмағандар
4Құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны
5Құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтар саны, барлығы
6Оның ішінде кәмелетке толмағандар
7Мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны
8оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды
9оның ішінде жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшыларды
10оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды
11оның ішінде
кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлерді
Ұлы Отан соғысының қатысушылары
12Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар
13мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер
14І және ІІ топтардағы мүгедектер
15жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын
16оның ішінде заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды
17оның ішінде құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар
18Заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы)
2-бөлім. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету барысында орындалған жұмыстың жалпы сипаттамасы
Заң көмегін алу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау құралдары мен тәсілдеріМәлімделген өтініш хаттар немесе берілген шағымдарҚанағаттандырылған өтінішхаттар немесе шағымдар
барлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардыңбарлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың мәлімдемелері немесе шағымдары
19Білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар
20Процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар
21Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар
22Тергеу судьясының қаулыларына шағымдар
23Бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар
24Қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар
25Оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүддесінде
26Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар
27Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар
28Азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар
3-бөлім. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуде адвокаттардың қатысуын ұйымдастыру жағдайы
Көрсеткіштің атауыбарлығыолардың ішінде ауылдық аудандардағы
1234
29Есепті кезеңнің басындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны
30Есепті кезеңнің аяғындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны
31Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны
32оның ішінде түрлеріне орайҚұқықтық консультация беру
33Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу
34Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша іс жүргізуге қатысу
35Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысу
36Төлемдердің сомасы
37Есепті кезеңнің соңындағы берешек сомасы

* Ескертпе: Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтақ есебінің нысаны қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады.

Төраға ___________________________________________ _________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))            (қолы)

___________________________________________ _________________

(толтыру күні)                              (телефон)

Адвокаттардын мемлекет
кепілдік берген заң көмегін
көрсетуі туралы жиынтақ есебі
нысанына
қосымша
 

“Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтық есебі” әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме


1. Осы түсіндірме “Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі” әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 2-( МКБЗК), мерзімділігі – жартыжылдың, жылдың қорытындысы бойынша) толтыру тәртібін айқындайды.

2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылуы барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

3. Нысан мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокаттар есебінің негізінде толтырылады.

4. Көрсеткіштер ағымдағы жылдың 5 шілдесінен және 5 қантарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалады.

5. Нысанға адвокаттар алқасының төрағасы қол қояды.

6. 1-жолда Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.

7. 2-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.

8. 3-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

9. 4-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.

10. 5-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.

11. 6-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

12. 7-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.

13. 8-жолда асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

14. 9-жолда жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

15. 10-жолда қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

16. 11-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

17. 12-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

18. 13-жолда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

19. 14-жолда І және ІІ топтардағы мүгедектер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

20. 15-жолда жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

21. 16-жолда заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

22. 17-жолда құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.

23. 18-жолда заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы Нысанның 6-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.

24. 19-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.

25. 20-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

26. 21-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.

27. 22-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.

28. 23-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

29. 24-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.

30. 25-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

31. 26-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

32. 27-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.

33. 28-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

34. 29-жолда есепті кезеңнің басындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны көрсетіледі.

35. 30-жолда есепті кезеңнің аяғындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны көрсетіледі.

36. 31-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі, барлығы.

37. 32-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде құқықтық консультация беру түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

38. 33-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

39. 34-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

40. 35-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде азаматтық іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

41. 36-жолда төлем сомасы көрсетіледі.

42. 37-жолда есепті кезең соңындағы берешек сомасы көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1457 бұйрығына
3-қосымша
 

1. “Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8635 болып тіркелген, 2013 жылы 26 желтоқсанында “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған);

2. “Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 426 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12293 болып тіркелген, 2015 жылы 25 қарашада “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

3. “Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13383 болып тіркелген, 2016 жылы 11 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).