Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ

Бекітілді
Республикалық адвокаттар алқаларының
конференциясы
2018 жылғы 23 қараша

Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) негізінде, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексінің талаптары ескеріле отырып, бірыңғай тәртіптік практиканы қалыптастыру мақсатында әзірленген.  

2. Осы Ереже адвокаттардың тәртіптік комиссиясын құру және қызметінің тәртібін, тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімін, тәртіптік істерді қарау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.

3. Осы Ережені, оған өзгерістер мен толықтыруларды Республикалық адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекітеді.

2-ТАРАУ. АДВОКАТТАРДЫҢ ТӘРТІПТІК КОМИССИЯСЫ

4. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі – Тәртіптік комиссия, Комиссия) Алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған есеп беретін адвокаттар алқасының (бұдан әрі – Алқа) тәуелсіз органы болып табылады.

5. Тәртіптік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Ережені, Алқаның Жарғысын, Алқаның жалпы жиналысының (конференциясының) шешімдерін басшылыққа алады.

6. Тәртіптік комиссияның құрамына Алқаның ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық тәжіриесі бар алты адвокат, әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, алқаның төралқасы ұсынатын отставкадағы екі судья енгізіледі.

7. Тәртіптік комиссияның төрағасы адвокат болып табылады.

8. Тәртіптік комиссияның өкілеттік мерзімі екі жыл.

9. Бір адам Тәртіптік комиссияда бір мерзімнен артық бола алмайды.

10. Адвокаттарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды Тәртіптік комиссия осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

11. Тәртіптік комиссияның шешімдері міндетті сипатқа ие.

12. Комиссияның Төрағасы мен мүшелерін жалпы жиналысқа (конференцияға) қатысатын адвокаттардың көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Алқаның жалпы жиналысы (конференция) сайлайды.  

13. Мына адамдар:

– қылмыстық жауапкершіліктен Қазақстан Республикасы Қылмыстық- процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде босатылғандар, мұндай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

– мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнайы мемлекеттік органдардан теріс уәждермен босатылғандар тұлға,  сондай-ақ судья лауазымынандар босатылғандар жұмыстан шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы;

– әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар – осындай оқиғалар орын алған сәттен бастап үш жыл бойы;

– адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылғандар;

– заңгерлік кеңестер палатасыының тізілімінен теріс уәждер бойынша шығарылғандар, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда Тәртіптік комиссияның төрағасы және м үшесі бола алмайды.

14. Алқаның Төралқасы жаңа құрамдағы Тәртіптік комиссия сайланатын жалпы жиналысты (конференцияны) өткізгенге дейін әділет органынан жалпы жиналыс Тәртіптік комиссияның құрамына сайлауы үшін жұртшылық өкілдерінің кандидатураларын сұратады.

15. Алқаның төралқасы жаңа құрамдағы Тәртіптік комиссия сайлануға тиіс жалпы жиналысты (конференцияны) өткізгенге дейін оларды ұсыну және кейіннен жалпы жиналыста (конференцияда) сайлау үшін отставкадағы екі судьяның кандидатураларын қарайды. 

16. Тәртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері сайланғаннан және сайлау нәтижелері жария етілгеннен кейін Алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) Тәртіптік комиссияның құрамын бекітеді.

17. Комиссия төрағасының және сайланатын мүшелерінің өкілеттігі Алқаның жалпы жиналысының (конференциясының) шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

3-ТАРАУ. КОМИССИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙМДАСТЫРУ

18. Тәртіптік комиссия өз қызметін отырыс түрінде жүзеге асырады, тәртіптік істерді қарау үшін қажеттілігіне қарай шақырылады және оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.

19. Тәртіптік комиссияның отырысы басталар алдында төраға шешім қабылдау үшін қажетті кворумның толықтығын анықтайды.

20. Бірінші отырыста Тәртіптік комиссия толық құрамда сайланғаннан кейін оның мүшелері өз құрамынан төрағаның орынбасары мен Тәртіптік комиссияның хатшысын сайлайды.

21. Төрағаның, Тәртіптік комиссияның  өкілеттіктері:

– адвокаттарды Алқадан шығарғаннан кейін;

– адвокаттық қызметпен айналысу құқығы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрғаннан, одан айырғаннан немесе күші жойылғаннан кейін;

– судьяның отставкасы тоқтатылғаннан кейін;

– қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталғаннан кейін;

– өзінің қалауы бойынша, сондай-ақ осы Ереженің 13-тармағында аталған оқиғалардың бірі орын алған кезде,  кез келген уақытта тоқтатылады.

22. Тәртіптік комиссия өз қызметінде заңдылық, тәуелсіздік, алқалылық, объективтілік қағидаттарын басшылыққа алады. 

23. Тәртіптік комиссияның төрағасы:

– Тәртіптік комиссияның ағымдағы жұмысын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

– Тәртіптік комиссияның отырыстарын тағайындайды және өткізеді;

– Тәртіптік комиссияның шешімдеріне, отырыс хаттамалары мен есептерге қол қояды;

– Тәртіптік комиссияның іс жүргізуін ұйымдастырады, тәртіптік істердің және өзге де құжаттамалардың түгелдігін және тиісті сақталуын қамтамасыз етеді;

– тәртіптік практика шолуларын ұйымдастырады;

– Алқа органдарында Тәртіптік комиссияның мүддесін білдіреді.

24. Тәртіптік комиссияның төрағасы комиссияның барлық мүшелері қол қойған тәртіптік комиссия қызметінің қорытындылары туралы есепті жасайды және алқаның жалпы жиналысына (конференциясына) ұсынады.

25. Тәртіптік комиссияның төрағасы Комиссияның жұмысы туралы есепті Алқа төралқасына алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) өткізілгенге дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

26. Тәртіптік комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттіктері жаңа құрамдағы Комиссияның бірінші отырысында сайланған орынбасарға жүктеледі.

27. Тәртіптік комиссияның төрағасы мен мүшелері:

– өз өкілеттіктерін әділ, орынды және адал ниетпен жүзеге асыруға, объективтілік пен риясыздық білдіруге;

– қозғалған тәртіптік істерді қарау барысында Комиссия отырыстарына жеке өздері қатысуға;

– Комиссия отырысының хаттамасына және Комиссияның қызмет қорытындылары туралы есебіне қол қоюға;

– адвокаттық құпияны сақтау, оның ішінде оны рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға;

– үшінші тұлғаларға адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ тәртіптік іс материалдарын, тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың жеке басы туралы деректерді және бұл туралы Комиссия мүшелері жазбаша міндеттеме беретін, Тәртіптік комиссияға қатысуға байланысты белгілі болған басқа да мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

Тәртіптік комиссия құрамына қатысуға байланысты Комиссия мүшелеріне белгілі болған мәліметтерді жария етуге Тәртіптік комиссияның шешімдеріне, Комиссия мүшелерінің Комиссия мүшесінің міндеттерін орындау кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда және өз құқықтарын қорғау үшін қажетті көлемде ғана жол беріледі.

– қолданыстағы заңнаманың, осы Ереженің, Алқа Жарғысының, Алқа жалпы жиналысының (конференциясының), Республикалық адвокаттар алқасы конференциясының шешімдерінің талаптарын сақтауға;

– өз қызметінің қорытындылары туралы жалпы жиналыс алдында есеп беруге міндетті.

28. Тәртіптік комиссияның төрағасы мен мүшелері өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуына, сондай-ақ оларға берілген құқықтардың пайдаланылуына жауапты болады.

29. Тәртіптік комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің дауыстар санының көпшілігімен қабылданады және оларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

30. Тәртіптік комиссияның қабылданған шешіммен келіспеген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқылы, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында белгі жасалады. Ерекше пікірдің мәтіні Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

31. Тәртіптік комиссияның отырыстары және онда қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, онда келесі мәліметтер көрсетіледі:

– отырыстың реттік нөмірі, отырысты өткізу күні және орны;

– Комиссия отырыстарына қатысқан тұлғалар;

– Комиссияның отырысында қаралған әрбір тәртіптік істің қысқаша мәні және елеулі мән-жайлары;

– отырысқа қатысатын тұлғалардың түсініктемелері;

– дауыс беру қорытындылары және қабылданған шешімдер.

32. Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша отырыстар аудио-бейнежазбалармен тіркелуі мүмкін, олар Тәртіптік комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

33. Отырыстардың хаттамаларына отырысқа қатысатын Тәртіптік комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды, хаттамалар кітабына тігіледі, ол Тәртіптік комиссияның істерінде сақталады.

4-ТАРАУ. ТӘРТІПТІК ІС ЖҮРГІЗУ

1-параграф. Тәртіптік іс жүргізудің жалпы бастамалары

34. Тәртіптік істі Тәртіптік комиссия бұзушылық анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.

35. Тәртіптік істі қарау кезінде Тәртіптік комиссия өз отырыстарына шағым келтірген адамдарды, сондай-ақ шағым қаралатын алқа мүшелерін шақыруға міндетті.

36. Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыным енгізген жағдайда оны қарау міндетті түрде әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

37. Тәртіптік комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде мәлімделген және шақыртылған тұлғалардың отырысқа келмеуі тәртіптік  іс жүргізудің қаралуына кедергі келтірмейді.

38. Тәртіптік іс жүргізу Алқаның адвокаттарына қатысты шағымдарды, өтініштерді, ұсынымдарды уақтылы, жан-жақты, толық, объективті және әділ қарауды, оларды адвокаттық қызмет туралы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес шешуді, сондай-ақ қабылданған шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

39. Егер адвокат тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

40. Алқа Жарғысының және Кәсіби этика кодексінің ережелерін қолдануға қатысты Алқа Төралқасының түсіндірмелеріне сәйкес әрекет еткен адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.

41. Тәртіптік іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде Тәртіптік комиссия оған жүгінген адамдардың жеке өмірінің құпиясын, коммерциялық, адвокаттық және қолданыстағы заңнамамен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ адвокат пен жүгінген адам арасында татуластыққа қол жеткізу үшін шаралар қолдануға міндетті.

2-параграф. Тәртіптік жауапкершілік шаралары

42. Тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану Тәртіптік комиссияның айрықша құзыретінің мәні болып табылады және қозғалған тәртіптік іс шеңберінде ғана жүзеге асырылады.

43. Тәртіптік жауапкершілік шараларын айқындау кезінде жасалған теріс қылықтың ауырлығы, оның жасалу мән-жайлары, кінә нысаны, Тәртіптік комиссия елеулі деп таныған өзге де мән-жайлар ескерілуге және шешім шығару кезінде назарға алынуға тиіс.

44. Заң бұзушылық белгілері формалды түрде қамтылған адвокаттың әрекеті не әрекетсіздігі, алайда маңызы аз болғандықтан адвокатураның беделін кемітпейтін және клиентке немесе Алқаға айтарлықтай залал келтірмеген адвокаттың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне қатысты тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылмайды..

45. Тәртіптік комиссия адвокатқа мынадай тәртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) Адвокаттық қызмет туралы Заңның 60-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен Адвокаттар алқасынан шығару.

46. Адвокат тәртіптік теріс қылық жасағандығы үшін тек бір рет қана тәртіптік жазаға тартыла алады.

47. Тәртіптік жаза ол анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде, алайда жасалған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде салынуы мүмкін.

48. Тәртіптік теріс қылық анықталған күн тәртіптік жазаны айқындау күні болып саналады. 

49. Адвокатқа қатысты қозғалған тәртіптік іс бар болған кезде оны Алқадан өз тілегі бойынша шығару туралы арызы тәртіптік істі аяқталғаннан кейін ғана қаралуы мүмкін.

3-параграф. Тәртіптік істі қозғаудың себептері, негіздері және тәртібі

50. Тәртіптік іс қозғауға келесі құжаттар себеп бола алады:

1) адвокат өкілі (қорғаушысы) болатын сот талқылауы бойынша заңды күшіне енген сот актісі;

2) әділет органының ұсынысы;

3) Алқа төралқасы шешімінің негізінде шығарылған Алқа төралқасы төрағасының ұсынысы.

51. Адвокаттың Заңның, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасының, Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексінің, Алқа жарғысының, Республикалық адвокаттар алқасы органдарының, Адвокаттар алқалары шешімдерінің талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.

52. Әділет органының, Алқа төралқасы төрағасының ұсынымдары, егер олар жазбаша нысанда берілсе және оларда келесі мәліметтер көрсетілген болса, тәртіптік іс қозғауға жол берілетін себептер бола алады:

1) ұсыныстар жолданған комиссияның атауы;

2) әділет органының атауы, орналасқан жері, сондай-ақ ұсынымды не өтінішті жіберген лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты;

3) тәртіптік іс қозғау туралы мәселе қойылған адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

4) адвокаттың кәсіби міндеттерін бұзуы салдарынан келтірілген іс-әрекеттері (әрекетсіздігі);

5) ұсыныммен жүгінген адам өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер.

6) ұсыныммен қоса берілетін құжаттар тізбесі;

7) ұсынымның берілген күні және ұсынымды жіберген лауазымды адамның қолы

53. Алқаның Төралқасы Алқаның ішкі құжаттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан адвокаттың іс-әрекеттеріне түскен шағымдарды (ұсынымдары) тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

54. Адвокаттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды (ұсынымдарды) тексеру нәтижелері бойынша ұсыным енгізу үшін негіздер болған кезде Алқа төралқасы алқа Төралқасы төрағасының тәртіптік іс қозғау туралы ұсынысты әзірлеу және тәртіптік комиссияға жіберу туралы шешім шығарады

55. Келесі құжаттар Алқа Төралқасының төрағасымен ұсынысты енгізуге негіз болып табылмайды:

– адвокаттың адвокаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты емес әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдар, өтініштер, ұсынымдар, қаулылар;

– адвокат өзінің қызметін жүзеге асырмайтын тұлғалардың шағымдары,  сондай-ақ адвокаттың іс-әрекетіне келтірілген (әрекетсіздігіне) жасырын шағымдары.

56. Тәртіптік комиссияның төрағасы комиссияға сот актісі немесе ұсыным келіп түскеннен кейін оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өз өкімімен келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

– тәртіптік іс қозғау және Комиссия мүшесіне келіп түскен сот актісінің немесе ұсынымдардың негізділігін тексеруді және жазбаша қорытынды дайындауды тапсыру;

– қабылданған шешімнің негіздемесін көрсете отырып, тәртіптік іс қозғаудан бас тарту және құжаттарды жүгінген адамға қайтару.

57. Бір адвокатқа қатысты бірнеше арыз келіп түскен жағдайда Тәртіптік комиссияның төрағасы олар бойынша біріктірілген тәртіптік іс қозғауға құқылы.

58. Тәртіптік комиссияның төрағасы бір адвокатқа қатысты қозғалған бірнеше тәртіптік істерді біріктіруге құқылы.

59. Келесілер тәртіптік іс қозғауға себеп бола алмайды:

– осы Ережеде көрсетілмеген тұлғалардың, органдар мен ұйымдардың шағымдары, өтініштері, ұсынымдары, қаулылары;

– адвокаттың адвокаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты емес әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдар, өтініштер, ұсынымдар, қаулылар.

60. Адвокаттардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келтірілген жасырын өтініштер қаралмайды.

61. Тәртіптік іс жүргізудің әрбір қатысушысы ауызша немесе жазбаша түрде тәртіптік істі қарау әдісін ұсынуға құқылы.

62. Тәртіптік іс, егер:

1) тәртіптік іс бойынша сол қатысушылармен, сол пәні және негізі бойынша Комиссияның шешімі болған;

2) осы Ережеде көзделген негіздердің бірі бойынша Комиссияның тәртіптік істі тоқтату туралы шешімі болған;

3) тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мерзімдері өтіп кеткен жағдайларда қозғала алмайды, ал қозғалған тәртіптік   іс тоқтатылуға жатады.

63. Тәртіптік іс қозғалғаннан кейін шағымдары бойынша тәртіптік іс қозғалған адамдар, органдар мен ұйымдар, өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған адвокат, сондай-ақ олардың өкілдері тәртіптік іс жүргізуге қатысушылар деп танылады.

64. Тәртіптік комиссия шешім қабылдағанға дейін сот актісінің, ұсынымдардың күші жойылуы, адвокаттың өтініш берген адаммен татуласуы  комиссияға жазбаша нысанда жіберілуге тиіс және бұл Тәртіптік комиссияның шешімі негізінде тәртіптік істің тоқтатылуына әкеледі.

65. Тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың арасында бір пән мен негіздер бойынша тәртіптік істі қайталап қозғауға жол берілмейді.

66. Тәртіптік іс жүргізу жөніндегі хабарлар, хабарламалар, ескертулер және өзге де құжаттар адвокаттың, адвокаттық кеңсенің орналасқан мекенжайы, немесе Алқа хабарлаған электрондық пошта мекенжайы бойынша жіберіледі.

67. Өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған Адвокат сот актісінің, ұсынымдардың, шағымдардың мазмұнымен танысуға, олардың көшірмелерін алуға құқылы.

68. Өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған Адвокат жазбаша түсініктемелерін беруге міндетті, онда Адвокаттық қызмет туралы заңнаманың, Аадвокаттардың кәсіби этика кодексінің, Жарғының, өзге де құқықтық құжаттардың нақты қандай ережелері негізінде оған сәйкестігі тұрғысынан тәртіптік іс қозғауға негіз болған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) бағалауға жататындығын көрсетуге міндетті.

69. Өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған Адвокат өзіне қарсы қозғалған тәртіптік іс бойынша өзінің қорғау ұстанымын негіздеу үшін қажет деп санайтын көлемде мәліметтер беруге міндетті.

70. Адвокат  адвокаттық құпияға сілтеме жасай отырып, мәліметтерді беруден жазбаша бас тартуға құқылы. 

71. Осы Ереженің 66-тармағында көзделген жағдайда Тәртіптік комиссия тәртіптік іс жүргізуге қатысушылар ұсынған дәлелдемелер бойынша шешім қабылдайды.

72. Тәртіптік іс жүргізудің әрбір қатысушысы өзінің уәждері мен қарсылықтарының негізі саналатын мән-жайларды дәлелдеуі және осы Ережеде белгіленген, тәртіптік істі адал қарауға мүмкін беретін және істің нақты мән-жайларын анықтауға бағытталған мерзімде қорғау құралдарын пайдалануы тиіс әрі фактілерді растауға не даулауға, дәлелдемелерге қарсы дәлелдер мен қарсылықтарды келтіруге міндетті. 

73. Өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған адвокаттың тәртіптік іс жүргізуге қатысушылармен татуласуға бағытталған шараларды қолдануға құқығы бар.

5-ТАРАУ. ТӘРТІПТІК ІСТІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

74. Тәртіптік істі қарау кезінде Тәртіптік комиссияның сот актісінің, ұсынымдардың шегінен шығуға құқығы жоқ және істің нақты мән-жайларын ескере отырып, адвокат пен өтініш берген тұлғаның татуласуына шаралар қолдануы мүмкін.

75. Тәртіптік істі тек жабық іс жүргізу шеңберінде ғана қарауға жол беріледі, ауызша, жарыспалылық және тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың теңдігі қағидаттары негізінде, сот актісінде, ұсынымдарда баяндалған талаптар шегінде және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

76. Жіберілген ұсынымдардың мәнін және (немесе) негіздерін өзгертуге жол берілмейді.

77. Тәртіптік іс жүргізуге қатысушылар тәртіптік істің қаралатын орны мен уақыты туралы алдын ала хабарланады.

78. Тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың қайсы бірінің дәлелсіз себеппен келмеуі тәртіптік істі қарауды кейінге қалдыруға негіз бола алмайды.

79. Бұл жағдайда Тәртіптік комиссия тәртіптік істі қолда бар материалдар негізінде қарайды және отырысқа келген тәртіптік іс жүргізуге қатысушыларды тыңдайды.

80. Істі қарау басталар алдында қатысушылардың барлығы тәртіптік істі қарау барысында белгілі болған тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың жеке өмірінің құпиясын, сондай-ақ адвокаттық және өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіндігі туралы және оны қорғау туралы ескертіледі.

81. Тәртіптік іс жүргізуге қатысушыларға өз уәждерін баяндауға, адвокатқа қатысты ұсынылатын тәртіптік жауапкершілік шараларының мәні бойынша сөйлеуге тең құқықтар беріледі.

82. Тәртіптік іс жүргізуге қатысушылар Комиссияға ұсынғысы келетін жазбаша дәлелдемелер мен құжаттар тәртіптік комиссияның отырысы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға ұсынылуы тиіс.

83. Тәртіптік іс жүргізуге қатысушылар қосымша материалдарды тікелей Тәртіптік комиссияның отырысында, тәртіптік істі қарау барысында, егер оларды алдын ала ұсынудың мүмкін еместігі негізделген болса, қарауға ұсына алады.

84. Бұл жағдайда тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың өтініші бойынша істі қарау жаңадан ұсынылған материалдармен танысу үшін кейінге қалдырылуы мүмкін.

85. Тәртіптік іс- үргізуге қатысушылар:

1) тәртіптік іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға;

2) Комиссияның отырыстарына жеке өздері және (немесе) өкіл арқылы қатысуға;

3) ауызша және жазбаша түсініктемелерді беруге, дәлелдемелерді ұсынуға;

4) тәртіптік істі қарауға қатысты бөлігінде Комиссия отырысының хаттамасымен танысуға құқылы.

86. Тәртіптік талқылауға қатысушылардың өтініші бойынша не өз бастамасы бойынша Комиссия осы Ереженің 64-68-тармақтарына сәйкес тәртіптік істі объективті қарау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы.

87. Тәртіптік комиссияның отырысын төраға не оның орнын басатын тұлға немесе Комиссияның тағайындалған мүшесі жүргізеді, ол отырыс барысында тәртіпті қамтамасыз етеді.

88. Тәртіп бұзушылар Тәртіптік комиссияның отырысына қатысудан шеттетілуі мүмкін, бұл туралы отырыс хаттамасында тиісті жазба жасалады.

89. Комиссия қажет деп таныған жағдайларда хаттамаға аудио-бейнежазба қосылуы мүмкін.

90. Шешімнің қарар бөлігі тәртіптік істі қарау аяқталғаннан кейін сол отырыста жария етіледі

91. Шешім қабылданғаннан кейін келесі жұмыс күні Тәртіптік комиссияның төрағасы Алқаның төралқасына әрбір тәртіптік іс бойынша шешімнің мәтінін жолдайды.

92. Алқаның Төралқасы Комиссия Алқаның мүшесіне қатысты тәртіптік әсер ету шараларын қабылдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде шешімнің көшірмесін Алқаның мүшесіне, сондай-ақ оған қатысты шешім қабылдаған шағымды жолдаған тұлғаға оны алғанын тіркеуге мүмкіндік беретін  байланыс құралдарын пайдалана отырып,  жолдайды.

93. Тәртіптік комиссия тәртіптік іс бойынша мынадай шешімдерді қабылдауға құқылы:

1) тексеруді жүргізген Комиссия мүшесі әзірлеген қорытындының негізінде немесе комиссияның мүшесі нақты болған мән-жайларды дұрыс анықталған кезде, алайда адвокаттың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берген кезде немесе заңнаманы және осы Ережені түсіндірген кезде қателік жіберілгенде осындай қорытындыға қарамастан адвокаттың іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасы заңнамасынының, Кәсіби этика кодексінің, Алқа Жарлығының және Алқа органдарының шешімдері талаптарының бұзушылығы жоқ болғандыққа немесе өзінің клиенттің немесе Алқаның алдындағы міндеттерін лайықты орындағанға байланысты адвокатқа қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтату;

2) осыған дейін дәл осы қатысушылардың қатысуымен, істің дәл осы мәні және негізі бойынша Комиссияның шешімі немесе басқа аумақтық адвокаттар алқасының адвокаттар комиссиясының шешімі қабылданғанға байланысты тәртіптік істі тоқтату;

3) сот актісін немесе ұсыныстардың қайтарылып алғандығына немесе тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың татуласуына байланысты тәртіптік істі тоқтату;

4) тәртіптік істі қарау барысында айқындалған тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мерзімдерінің өтіп кеткендігіне байланысты тәртіптік істі тоқтату;

5) адвокатқа жол берілген бұзушылық туралы көрсете отырып, адвокат жасаған теріс қылықтың маңызы шамалы болуына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтату;

6) Комиссия тәртіптік істі қарау барысында тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін жол берілетін себептің болмауын анықтағандықтан, тәртіптік іс жүргізуді тоқтату;

7) адвокаттың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Кәсіби этика кодексінің, Алқа Жарғысының және алқа органдары шешімдерінің  бұзушылығы орын алғандығы туралы, адвокаттың клиент немесе Алқаның алдындағы өз кәсіби міндеттерін орындамау немесе лайықсыз орындау және адвокатқа қатысты осы Ережеде көзделген тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану;

94. Тәртіптік комиссия адвокаттың өтініші бойынша жаңа және (немесе) жаңадан ашылған мән-жайлар болған кезде адвокатқа тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану туралы өз шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге құқылы.

95. Егер тәртіптік іс қозғалған адвокат бұған қарсылық білдірсе, осы Ереженің 89-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген негіз бойынша тәртіптік істі тоқтатуға жол берілмейді.

96. Тәртіптік комиссия:

1) заматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін тәртіптік істі қарау мүмкін емес болған;

2) іске өкілдер қатысқан жағдайларды қоспағанда, тәртіптік іс жүргізуге қатысушының істі қарау мерзімінен асатын қызметтік іссапарда болған;

3) іске өкілдер қатысатын жағдайларды қоспағанда, тәртіптік іс жүргізуге қатысушысының медициналық ұйымда стационарлы ем қабылдауда болған  жағдайларда тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуға міндетті.

97. Тәртіптік іс жүргізу мерзімі оны тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін тәртіптік іс жүргізуге қатысушылардың жазбаша өтініші бойынша не тәртіптік комиссияның бастамасы бойынша тоқтатыла тұрады және қайта басаталады, бұл туралы тәртіптік іс жүргізуге қатысушыларға дереу хабарланады.

98. Тәртіптік комиссияның шешімдері Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта даулануы мүмкін.

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

99. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы жұмысының қорытындылары адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылады.

100. Төралқа бір жыл мерзім өткенге дейін өз бастамасы бойынша, адвокаттың өзінің өтініші бойынша, заң кеңесі меңгерушісінің не адвокат қызметін жүзеге асыратын адвокаттық кеңсе басшысының өтініші бойынша тәртіптік жазаны алып тастауға құқылы.

101. Әрбір тәртіптік істі қарау материалдарын Тәртіптік комиссия істі қарау аяқталған күннен бастап 3 жыл бойы сақтайды.

102. Аталған мерзім аяқталғанға дейін тәртіптік іс жүргізу материалдары Тәртіптік комиссия шешімінің негізінде Алқа Төралқасының мүшелерінің және Тәртіптік комиссия мүшелерінің қатысуымен комиссиялық акт бойынша жойылуы тиіс.

103. Тәртіптік істер жөніндегі комиссияның шешімдері оның қатысушыларының деректері көрсетілмей жариялануы мүмкін.

104. Өз пайдасына шешім қабылданған тәртіптік іс жүргізуге қатысушы қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен тәртіптік талқылауға қатысуға байланысты өзі шеккен шығыстарды өндіріп алуға құқылы.