Заң көмегін көрсету өлшемшарттары

КЕЛІСІЛДІ

 

БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

 

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ

1. Осы Заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттары (бұдан әрі – Сапа өлшемшарттары) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заң көмегінің сапасын қамтамтасыз ету және заң көмегін көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыру мақсатында әзірленген.

Заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттары – адвокаттар көрсетін заң көмегін бағалау көрсеткіштерінің қойылатын талаптарға сәйкес келуі болып табылады.

Сапа өлшемшарттары заң көмегін көрсететін адвокаттардың қызметіне қойылатын талаптардың ең төмен мөлшерін қамтыйды.

Заң көмегін көрсету барысында адвокат келесі негізгі қағидаттарды басшылыққа алуы тиісті:

1) заңның үстемдігі;

2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;

3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;

4) клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну;

5) кәсіптік құпияны сақтау;

6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;

7) заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;

8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;

9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;

10) заң көмегінің қолжетімділігі.

2. Заң көмегі келесі түрде көрсетіледі:

1) құқықтық ақпарат беру;

2) құқықтық кеңес беру;

3) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де заңдармен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және өкілеттік ету;

4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.

3. Көрсетілетін заң көмегінің өлшемшарттары:

1) клиенттің құқығы мен бастандығын, сонымен қатар, заңды мүддесін қорғау және жүзеге асыру мақсатында заңды көмек көрсету;

2) заңмен берілген өкілеттіктер шегінде заң көмегін көрсету;

3) заң көмегін көрсету барысында, Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын және Адвокаттардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтау;

4) заң көмегін көрсету барысында негізгі қағидаттарды сақтау. Әрбір қағидаттың жүзеге асырылуы заң көмегін көрсетудің өзге де қағидаттарымен өзара байланыста жүзеге асырылуы тиісті;

5) заң кеңесінің негізділігі мен уәжділігі қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып берілуі;

6) клиенттің мүдделерін негізге ала отырып, заң көмегін көрсету шараларын таңдау;

7) клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында заңда тыйым салынбаған барлық құралдар мен тәсiлдерді пайдалану;

8) адвокаттық құпияны сақтау;

9) адвокаттың іске қатысуына кедергі болатын мүдделер қайшылығы мен процессуалды заңнамада көзделген өзге де жайттар орыналған жағдайда, заң көмегін көрсету туралы тапсырманы орындаудан бас тарту болып табылады.