Адвокаттар біліктілігін арттыру СТАНДАРТТАРЫ

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

Адвокаттар біліктілігін арттыру
СТАНДАРТТАРЫ

Адвокатардың біліктілігін арттыру стандарттары (Бұдан әрі – Стандарттар) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

Адвокаттар біліктілігін арттырудың негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепіл берілген әр түлғаның білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.  

Заңның 12-бабына сәйкес, заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі.

 Заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.

Заңның 33-бабының 7-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, адвокат өзiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттырып отыруға міндетті.

Заңның 43-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады.

1. Адвокаттардың біліктілігін арттырудың мақсаты – заманауи талаптарға сәйкес теориялық  білімді және тәжірибелік дағдыларды жаңарту, сондай-ақ, осыған дейін алынған білімдер мен дағдыларды онан әрі жетілдіру.

2. Адвокаттардың біліктілігін арттыру үш жыл ішінде бір реттен кем болмауы керек.

3. Адвокаттың біліктілігі, адвокаттың таңдауы бойынша кәсіби, жоғарғы және жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламаларын, қосымша білім беру жөніндегі оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарымен, академиялармен, ғылыми ұйымдармен, біліктілікті арттыру институттармен, меншік нысанына және ұйымдастыру-құқықтық нысанға байланыссыз заңды тұлғалармен, заңды тұлғалардың филиалда рымен, сондай-ақ, заңды тұлғаны құрмай әрекет ететін жеке кәсіпкерлермен, аумақтық адвокаттар алқаларының және Республикалық адвокаттар алқасының жанындағы біліктілікті арттыру орталықтармен, бір немесе бірнеше біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыратын адвокаттар мен, аумақтық адвокаттар алқасында немесе Республикалық адвокаттар алқасында аккредиттелген біліктілікті арттыратын өзге де ұйымдарда  жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес адвокаттардың біліктілігін арттыру барысында жазбаша шарт жасалады.

5. Адвокаттардың біліктілігін арттыру адвокат өзі таңдап алған біліктілікті арттыру бағдарламасына бойынша жүзеге асырылады.

6. Бағдарламаның мәніне байланысты, қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді есепке ала отырып  адвокаттардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген нысанда жүзеге асырылады.

7. Адвокаттардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы тиісті біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес белгіленеді, алайда үш жылдың ішінде жиырма сағаттан кем болмауы тиіс.

8.  Біліктілігін арттырған адвокаттарға осы Стандарттардың  1-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес сетификат беріледі.

1-қосымша

Нысан

СЕРТИФИКАТ

Адвокат ________________________________________________________

                                      (тегі, аты, әкесінің аты(ол бар болған жағдайда)

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарына сәйкес 2018 жылғы «__» _______ бастап 2018 жылғы «__» _________ дейінгі мерзімде___ (_________)  сағат көлемдегі адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырғандығын куәландыру ретінде осы сертификат берілген. 

Осы Сертификат ____ жылдың (жылдардың) ішінде жарамды.

Басшы _____________________________________

                   (Т.,А.,Ә., лауазымы, ұйымның атауы) (қолы)

20 ___ жылғы «___» ___________ берілген

Тіркеу № _________