Адвокат куәлігінің мұқабасы

Нысан

БЕКІТІЛДІ
Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы
2018 жылғы 23 қараша

Удостоверение адвоката

Ескертпе:

Адвокат куәлігінің сипаттамасы
  

Кәуліктің мұқабасы  
Адвокаттың куәлігі адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын ресми құжат болып табылады.

Куәліктің мұқабасы қара көк түсті былғарыдан немесе жасанды былғарыдан ашық күйінде 65х190 мм көлемде әзірленеді.

Куәлік мұқабасының бет жағында алтын түсті “Qazaqstan Respýblıkasy” деген өрнектелген жазу жазылады, төменде Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасының бейнесі орналасады.

Эмблеманың астында «Advokat kýáligi» деген  өрнектелген алтын түсті жазу орналасады.

Куәліктің ішкі сол жағының сипаттамасы

Куәліктің ішкі жағы ашық-көгілдір фонды қорғаныш торы бар 62х88 мм көлемде әзірленеді.

Куәліктің ішкі сол жағының жоғарғы жиегінің орта тұсында адвокаттар алқасының қазақ тілдегі атауы орналасады, төмен қарай «№ ______ kýálik» деген жазу жазылады. Куәліктің нөмірін куәліктерді беру тізіліміне сәйкес  аумақтық адвокаттар алқасы қояды.

Куәліктің ішкі сол жағының төменгі тұсында 3х4 см көлемдегі адвокаттың түрлі түсті фотосуреті жапсырылады.

Фотосуреттен оң жақтадағы ортада «АДВОКАТ» деген жазу жазылады,  төменде адвокаттың тегін, аты мен әкесінің атын (бар болған жағдайда) қазақ тіліндегі жазу үшін орын қалдырылады.

Фотосуреттің оң жақ төменгі бұрышында аумақтық адвокаттар алқасы мөрінің бедері қойылады. 

Төмен қарай «Advokattyq qyzmetpen aınalysýǵa arnalǵan lıcenzıanyń №» деген жазу жазылады, қасында лицензияның нөмірін және лицензияның берілген күнін жазу үшін орын қалдырылады.

Ішкі сол жақтың төменгі шетінде «Berilgen kúni “__” _______ 20__ ж.» деген жазба жазылады.

Төмен қарай «Tóralqa tóraǵasy» деген жазба жазылады, жазбаның қасында аумақтық алқаның төралқа төрағасының қолын қою үшін және оның тегі мен инициалдарын жазу үшін орын қалдырылады.

Куәліктің ішкі оң жағының сипаттамасы

Куәліктің ішкі оң жағында жоғарғы жиегінің орта тұсында адвокаттар алқасының орыс тілінде атауы орналасады, төменде «Удостоверение № ___» деген жазу жазылады, куәліктің нөмірін куәліктерді беру тізіліміне сәйкес аумақтық адвокаттар алқасы қояды.

Төмен қарай, орта тұста «АДВОКАТ» деген жазу жазылады, төменде адвокаттың тегі, аты және әкесінің атын орыс тілінде жазу үшін орын қалдырылады.

Төмен қарай «Лицензия на занятие адвокатской деятельностью №» деген жазу жазылады, қасында лицензияның нөмірін және лицензияның берілген күнін жазу үшін орын қалдырылады.

Төменде «Дата выдачи удостоверения «___» _______20__ г.» деген жазу жазылады.

Куәліктің ішкі жағы лазерлік немесе ағынды басу құрылғысы бар компьютерлік техниканың көмегімен толтырылады.

Мәтін қара түспен басып шығарылады.

Куәліктің ішкі жағын толтыру кезінде түзетулер енгізуге немесе тазартып өшіруге рұқсат етілмейді. Белгіленген талаптарға жауап бермейтін, сондай-ақ түзетулермен және өшірулермен ресімделген куәлік жарамсыз деп саналады.

Куәліктің ішкі жағы ламинатталған пленкамен жабылуы тиіс.