адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау тәртібі

Адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау
ТӘРТІБІ

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

  1. Осы ереже «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 2-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау тәртібін белгілейді. 
  2. Адвокаттық сауал 1-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдауышта және (немесе) заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көзделген нысан бойынша электронды тасымалдауышта ресімделеді.
  3. Электронды түрдегі адвокаттық сауал, электронды құжат айналымға қойылатын талаптарға сай болып, электронды цифрлік қолтаңбаны қолдана отырып әзірленуі тиісті.
  4. Қағаз тасымалдауышта әзірленетін адвокаттық сауал келесіні қамтыйды:

1) адвокаттық  сауалды алатын тұлғаның атауы (аты) және пошталық мекен-жайын;

2)  адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), адвокат мүше болып табылатын аумақтық алқаның атауы, адвокаттың пошталық мекен-жайы мен телефон нөмірін;

3) сауалдар тізіліміндегі адвокаттық сауалдың нөмірі мен тіркелген күнін;

4) заңды көмек көрсетуге қажетті мәліметтер, ақпараттар немесе сарапшылардың қорытындылары мен басқа да құжаттар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сұралған мәліметтерге жауап беру мерзімін;

6) сұратылатын мәліметтерді беру тәсілін (қолма-қол тапсыру, пошта байланысы арқылы, электронды пошта немесе өзге де тәсілін);

7) адвокаттың тегі мен инициалдары және оның қолы;

8) келесі мазмұндағы ескертпе: «Адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі туғызғандығы үшін тұлға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 668-бабына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 435-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылады».

  1. Қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауал келесі мәліметтерді қамтуы мүмкін:

1) адвокаттың өз қалауы бойынша сауалға қоса беретін құжаттар тізімі; 

2)  сауалдың сипатына байланысты адвокаттың өкілеттігін куәландыратын құжат;

3) адвокаттың сауалға қоса берілуі немесе көрсетілуі қажет деп санайтын өзге де құжаттар және мәліметтер.

  1. Қағаз түрінде әзірленген адвокаттық сауал, алушы тұлғаға пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол тұлғаның өзіне, өкілі арқылы немесе өзге де тәсілдерді қолдана отырып жолдануы мүмкін.
  2. Электронды түрде әзірленген адвокаттық сауал, алушы тұлғаға заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесімен көзделген тәртіпте немесе басқа да тәсілдерді қолданып жолданады.
  3. Қағаз тасымалдауышта әзірленген адвокаттық сауал қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауалдар тізілімінің 2-қосымшасына сәйкес тіркеледі.

Қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауалдар тізілімін, тиісті адвокаттық контора немесе адвокаттық қызметті жеке өзі немесе заң консультациясы арқылы жүзеге асыратын адвокаттар жеке өзі немесе бірнеше адвокаттар бірлесіп келісуі бойынша жүргізеді.

1-қосымша 

Нысан

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

_____________________________________

(адвокаттық сауалды алатын тұлғаның атауы және пошталық мекен-жайы жазылады)

 Адвокат_________________________

              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________________________________

(адвокат мүше ретінде қызмет ететін аумақтық алқаның атауы, қызметтік үй-жайдың пошталық мекен-жайы және адвокаттың телефон нөмірі)

АДВОКАТТЫҚ САУАЛ

№____ «___» _________ 20___ жыл

(сауалдың нөмірі және сауалды адвокаттық сауалдар тізілімінде тіркеу күні)

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағының 2),3),6) тармақшаларына сәйкес  қабылданған тапсырма бойынша білікті заң көмегін көрсету мақсатында келесі ақпаратты ұсынуыңызды сұраймын:  

________________________________________________________________________

(сұратылатын мәліметтер, ақпарат немесе құжаттар, сарапшының, маманның қорытындысы және заң көмегін көрсету үшін қажетті өзге де құжаттар)

Мәліметтерді ____________________________________ дейін ұсынуыңызды сұраймын.

(жауапты қандай мерзімде беру керектігі жазылады және және жауапты беру нысаны көрсетіледі)

Адвокат                                                                               _______________________

                                                                                                                        (қолы, Т.А.Ә.)

Ескертпе:

Адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 668-бабында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 435-бабында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

2-қосымша

Нысан

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

 

Қағаз тасымалдауыштағы адвокаттық сауалдар

ТІЗІЛІМІ

Сауалдың нөміріСауалды жолдау күніЖолданым иесіАдвокаттың қарауынша сауалдың мәні (қысқаша сипаттамасы)
1234