тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары

ЗАҢНАМА” бөліміне артқа қайту

Ескерту! Күші жойылды!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулысы

“Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы”

«Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген

Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидаларда Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін есепке алу тәртібі айқындалады.

2. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу тәртібі

3. Адвокат Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алу тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) жүргізеді.
4. Тізілім журнал нысанындағы қағаз жеткізгіште жасалады. Журнал нөмірленуге, тігілуге және заң консультациясының немесе адвокат кеңсесінің мөрімен, ал адвокаттық қызмет жеке дара жүргізілген жағдайда – адвокаттың мөрімен бекемделуге тиіс.
Тізілім осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
5. Тізілім қара немесе көк түсті сиямен мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады. Тізілім жазбаларын түзетуші сұйықтық қолданумен тазартуға жол берілмейді.
6. Тізілім мынаны білдіретін бағандардан тұрады:
1-баған – реттік нөмірі;
2-баған – жеке тұлғаның заң көмегіне жүгінген күні;
3-баған – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
4-баған – заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, ал заң көмегін алуға өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың да атауы мен деректемелері;
5-баған – құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін алу үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері;
6-баған – жеке тұлғаның немесе оның өкілінің тұрғылықты жері;
7-баған – құқықтық мәселенің мәні;
8-баған – көрсетілген заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, арызды, шағымды, өтінішхатты және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау);
9-баған – заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыс жасау уақытының ұзақтығы;
10-баған – күні, жеке тұлғаның немесе оның өкілінің заң көмегін алуы туралы қолы;
11-баған – күні, адвокаттың қолы.
7. Мәліметтер жеке тұлғаның заң көмегіне жүгінген күні немесе заң көмегі нақты көрсетілген күні тізілімге енгізіледі.
8. Тізілім үш жыл бойы сақталуға жатады.

Адвокат көрсеткен
құқықтық консультация беру
түріндегі тегін заң көмегін
есепке алуды жүргізу
қағидаларына
қосымша

Нысан

Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алу тізілімі

Р/с №Жеке тұлғаның заң көмегіне жүгінген күніЖеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)Заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, ал заң көмегін алуға өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың да атауы мен деректемелеріҚұқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін алу үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелеріЖеке тұлғаның немесе оның өкілінің тұрғылықты жеріҚұқықтық мәселенің мәніКөрсетілген заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, арызды, шағымды, өтінішхатты және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау)Заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыс жасау уақытының ұзақтығыКүні, жеке тұлғаның немесе оның өкілінің заң көмегін алуы туралы қолыКүні, адвокаттың қолы
1234567891011