МКБЗК көрсету туралы есептердің нысандары

ЗАҢНАМА” бөліміне артқа қайту

Ескерту! Күші жойылды!

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығы

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы

(2016.17.02. берілген өзгерістермен)

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5 және 6-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы адвокат есебінің нысаны; 
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

Д. Құсдәулетов

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
төрағасы
А. Смайылов __________
2013 жылғы 21 тамыз

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
1–қосымша

Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 17.02.2016 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Есептік кезең 20___ жылғы «____»___________

Индекс: 1-(Заң көмегі)

Мерзімділігі: ай сайын

Ұсынатын адамдар тобы: адвокат

Қайда ұсынылады: адвокаттар алқасының төралқасына

Ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

  1-бөлім. Заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны туралы мәліметтер   
Жол №Мазмұныазаматтардың барлығыолардың ішінде ауылдық аудандардағы
1234
1Құқықтық консультация берілген азаматтар саны, барлығы
2Оның ішінде түрлеріне қарайауызша және жазбаша консультациялар
3нақты істі жүргізуге байланысты емес құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау
4Қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, құқықтары қорғалған азаматтар саны, барлығы
5Оның ішінде кәмелетке толмағандар
6Құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны
7Құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтар саны, барлығы
8Оның ішінде кәмелетке толмағандар
9Мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны, барлығы
10оның ішіндеасыраушысының қайтыс болуына, мертігуіне қатысты немесе денсаулықтың жұмысқа байланысты өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талапкерлер
11егер сот қарайтын дау кәсіпкерлік қызметке қатысты емес болса, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, I және II топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлер
12азаматтық процесік заңда көзделген тәртіппен құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар
13Заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 4, 6, 7, 9-жолдардың сомасы)
14Заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларының жалпы саны
15Заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың жалпы саны
16Заң көмегі көрсетілген І және ІІ топтағы мүгедектердің жалпы саны
17Заң көмегі көрсетілген зейнеткерлердің жалпы саны
18Заң көмегі көрсетілген оралмандардың жалпы саны
19Заң көмегі көрсетілген, қамқоршысыз қалған кәмелетке толмағандардың жалпы саны
20Заң көмегі көрсетілген әйелдердің жалпы саны
21Заң көмегі көрсетілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны
2-бөлім. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету барысында орындалған жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жолдар №Заң көмегін алу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау құралдары мен тәсілдеріМәлімделген өтініш хаттар немесе берілген шағымдарҚанағаттандырылған өтінішхаттар немесе шағымдар
барлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардыңбарлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың мәлімдемелері немесе шағымдары
123456
22Білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар
23Процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар
24Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар
25Тергеу судьясының қаулыларына шағымдар
26Бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар
27Қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар, барлығы
28Оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүддесінде
29Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар
30Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар
31Азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар

Адвокат _____________________________     ______________
          (Т.А.Ә. (болған жағдайда)           (қолы)
        _____________________________     ______________
              (толтыру күні)                 (телефон)

М.О.

«Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме «Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 1-(Заң көмегі), мерзімділігі – ай сайын) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысанды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокат ай сайын жасайды.
4. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 5-күніне нақты деректер бойынша жасалады.
5. Нысанға адвокат қол кояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

6. 1-жолда құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
7. 2-жолда ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.
8. 3-жолда нақты іс жүргізуге байланысты емес құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.
9. 4-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.
10. 5-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.
11. 6-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.
12. 7-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.
13. 8-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.
14. 9-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
15. 10-жолда асыраушысының қайтыс болуына, мертігуіне қатысты немесе денсаулықтың жұмысқа байланысты өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талапкерлер саны көрсетіледі.
16. 11-жолда, егер сот қарайтын дау кәсіпкерлік қызметке қатысты емес болса, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, I және II топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлердің жалпы саны көрсетіледі.
17. 12-жолда азаматтық процестік заңда көзделген тәртіппен құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.
18. 13-жолда заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 4, 6, 7, 9-жолдардың сомасы Нысанның 13-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.
19. 14-жолда заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларының жалпы саны көрсетіледі.
20. 15-жолда заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың жалпы саны көрсетіледі.
21. 16-жолда заң көмегі көрсетілген І және ІІ топтағы мүгедектердің жалпы саны көрсетіледі.
22. 17-жолда заң көмегі көрсетілген зейнеткерлердің жалпы саны көрсетіледі.
23. 18-жолда заң көмегі көрсетілген оралмандардың жалпы саны көрсетіледі.
24. 19-жолда заң көмегі көрсетілген, ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмағандардың жалпы саны көрсетіледі.
25. 20-жолда заң көмегі көрсетілген әйелдердің жалпы саны көрсетіледі.
26. 21-жолда заң көмегі көрсетілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны көрсетіледі.
27. 22-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.
28. 23-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
29. 24-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.
30. 25-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.
31. 26-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
32. 27-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.
33. 28-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
34. 29-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
35. 30-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.
36. 31-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
2–қосымша

Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтақ есебі

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 17.02.2016 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Есептік кезең 20____жылғы______

Индекс: 2-(Заң көмегі)

Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық

Ұсынатын адамдар тобы: адвокаттар алқасының төралқасы

Қайда ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық әділет органына

Ұсыну мерзімі: 20 шілде мен 20 қаңтардан кешіктірмей.

  1-бөлім. Заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны туралы мәліметтер   
Жол №Мазмұныазаматтардың барлығыолардың ішінде ауылдық аудандардағы
1234
1Құқықтық консультация берілген азаматтар саны, барлығы
2Оның ішінде түрлеріне қарайауызша және жазбаша консультациялар
3нақты істі жүргізуге байланысты емес құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау
4Қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, құқықтары қорғалған азаматтар саны, барлығы
5Оның ішінде кәмелетке толмағандар
6Құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны
7Құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтар саны, барлығы
8Оның ішінде кәмелетке толмағандар
9Мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны, барлығы
10оның ішіндеасыраушысының қайтыс болуына, мертігуіне қатысты немесе денсаулықтың жұмысқа байланысты өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талапкерлер
11егер сот қарайтын дау кәсіпкерлік қызметке қатысты емес болса, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, I және II топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлер
12азаматтық процесік заңда көзделген тәртіппен құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар
13Заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 4, 6, 7, 9-жолдардың сомасы)
14Заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларының жалпы саны
15Заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың жалпы саны
16Заң көмегі көрсетілген І және ІІ топтағы мүгедектердің жалпы саны
17Заң көмегі көрсетілген зейнеткерлердің жалпы саны
18Заң көмегі көрсетілген оралмандардың жалпы саны
19Заң көмегі көрсетілген, қамқоршысыз қалған кәмелетке толмағандардың жалпы саны
20Заң көмегі көрсетілген әйелдердің жалпы саны
21Заң көмегі көрсетілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны
2-бөлім. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету барысында орындалған жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жолдар №Заң көмегін алу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау құралдары мен тәсілдеріМәлімделген өтініш хаттар немесе берілген шағымдарҚанағаттандырылған өтінішхаттар немесе шағымдар
барлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардыңбарлығыоның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың мәлімдемелері немесе шағымдары
123456
22Білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар
23Процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар
24Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар
25Тергеу судьясының қаулыларына шағымдар
26Бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар
27Қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар, барлығы
28Оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүддесінде
29Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар
30Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар
31Азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар
3-бөлім. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуде адвокаттардың қатысуын ұйымдастыру жағдайы
Жолдар №Мазмұныбарлығыолардың ішінде ауылдық аудандардағы
1234
32Есептік кезеңге алқа мүшелерінің жалпы саны
33оның ішіндеЕрлер
34олардың ішіндеқосы алғанда 35 жасқа дейінгі
3536-дан 60 жасқа дейінгі
3661 жастан жоғары
37Әйелдер
38олардың ішіндеқосы алғанда 35 жасқа дейінгі
3936-дан 60 жасқа дейінгі
4061 жастан жоғары
41Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің саны, барлығы
42оның ішіндеЕрлер
43олардың ішіндеқосы алғанда 35 жасқа дейінгі
4436-дан 60 жасқа дейінгі
4561 жастан жоғары
46Әйелдер
47олардың ішіндеқосы алғанда 35 жасқа дейінгі
4836-дан 60 жасқа дейінгі
4961 жастан жоғары
50Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны, барлығы
51оның ішінде түрлеріне орайҚұқықтық консультация беру
52Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу
53Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша іс жүргізуге қатысу
54Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысу
55Төлемдердің сомасы
56Есепті кезеңнің соңындағы берешек сомасы

Төраға _____________________________    _________________
         (Т.А.Ә. (болған жағдайда))           (қолы)
       _____________________________    _________________
             (толтыру күні)                  (телефон)

М.О.

«Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтық есебі» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме «Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 2-(Заң көмегі), мерзімділігі – жартыжылдық, жылдық) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылуы барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады. 
3. Нысан мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокаттар есебінің негізінде толтырылады.
4. Көрсеткіштер ағымдағы жылдың 20 шілдесінен және 20 қантарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалады.
5. Нысанға адвокаттар төралқасының төрағасы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

6. 1-жолда құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
7. 2-жолда ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.
8. 3-жолда нақты іс жүргізуге байланысты емес құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.
9. 4-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
10. 5-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандар саны көрсетіледі.
11. 6-жолда құқықтары қылмыстық іс жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.
12. 7-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.
13. 8-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандар саны көрсетіледі.
14. 9-жолда азаматтық сот ісін жүргізуде мүддесі білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
15. 10-жолда асыраушысының қайтыс болуына, мертігуіне қатысты немесе денсаулықтың жұмысқа байланысты өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талапкерлер саны көрсетіледі.
16. 11-жолда, егер сот қарайтын дау кәсіпкерлік қызметке қатысты емес болса, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, I және II топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлердің жалпы саны көрсетіледі.
17. 12-жолда азаматтық процестік заңда көзделген тәртіппен құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі.
18. 13-жолда заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 4, 6, 7, 9-жолдардың сомасы Нысанның 13-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.
19. 14-жолда заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларының жалпы саны көрсетіледі.
20. 15-жолда заң көмегі көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың жалпы саны көрсетіледі.
21. 16-жолда заң көмегі көрсетілген І және ІІ топтағы мүгедектердің жалпы саны көрсетіледі.
22. 17-жолда заң көмегі көрсетілген зейнеткерлердің жалпы саны көрсетіледі.
23. 18-жолда заң көмегі көрсетілген оралмадардың жалпы саны көрсетіледі.
24. 19-жолда заң көмегі көрсетілген, ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмағандардың жалпы саны көрсетіледі.
25. 20-жолда заң көмегі көрсетілген әйелдердің жалпы саны көрсетіледі.
26. 21-жолда заң көмегі көрсетілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жалпы саны көрсетіледі.
27. 22-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.
28. 23-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
29. 24-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.
30. 25-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.
31. 26-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
32. 27-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.
33. 28-жолда кәмелетке толмағандар мүддесінде қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
34. 29-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
35. 30-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.
36. 31-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
37. 32-жолда есепті кезеңге алқа мүшелерінің жалпы саны көрсетіледі, барлығы.
38. 33-жолда алқа мүшелерінің ерлер саны көрсетіледі.
39. 34-жолда алқа мүшелерінің қоса алғанда 35 жасқа дейінгі ерлер саны көрсетіледі.
40. 35-жолда алқа мүшелерінің 36-дан 60 жасқа дейінгі ерлер саны көрсетіледі.
41. 36-жолда алқа мүшелерінің 60 жастан жоғары ерлер саны көрсетіледі.
42. 37-жолда алқа мүшелері жалпы әйелдерінің саны көрсетіледі.
43. 38-жолда алқа мүшелерінің қоса алғанда 35 жасқа дейінгі әйелдер саны көрсетіледі.
44. 39-жолда алқа мүшелерінің 36-дан 60 жасқа дейінгі әйелдер саны көрсетіледі.
45. 40-жолда алқа мүшелерінің 61 жастан жоғары әйелдер саны көрсетіледі.
46. 41-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің саны көрсетіледі. 
47. 42-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің ерлер саны көрсетіледі.
48. 43-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің қоса алғанда 35 жасқа дейінгі ерлер саны көрсетіледі.
49. 44-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің қоса алғанда 36-дан 60 жасқа дейінгі ерлер саны көрсетіледі.
50. 45-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің 61 жастан жоғары ерлер саны көрсетіледі.
51. 46-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің әйелдер саны көрсетіледі.
52. 47-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің 35 жасқа дейінгі әйелдер саны көрсетіледі.
53. 48-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің 36-дан 60 жасқа дейінгі әйелдер саны көрсетіледі.
54. 49-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне енгізілген алқа мүшелерінің 61 жастан жоғары әйелдер саны көрсетіледі.
55. 50-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі, барлығы.
56. 51-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде құқықтық консультация беру түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
57. 52-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
58. 53-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
59. 54-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде азаматтық іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі. 
60. 55-жолда төлем сомасы көрсетіледі. 
61. 56-жолда есепті кезең соңындағы берешек сомасы көрсетіледі.