жазбаша хабарламаны және оған енгізілетін мәліметтерді ресімдеу ТӘРТІБІ

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

 

Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны және оған енгізілетін мәліметтерді ресімдеу ТӘРТІБІ

  1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге ақылы негізде немесе кешенді әлеуметтік құқықтық көмек нысанындағы заң көмек көрсету түріндегі өкілеттіктерін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) жазбаша түрде А4 форматтағы парақта адвокаттың жеке өзімен компьютерде әзірленеді немесе 1 қосымшаға сәйкес қажетті мәліметтерді қолжазба жазумен толтыру арқылы ресімделеді.
  2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі түріндегі адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) жазбаша түрде А4 форматтағы парақта адвокаттың жеке өзімен компьютерде әзірленеді немесе 2-қосымшаға сәйкес қажетті мәліметтерді қолжазба жазумен толтыру арқылы ресімделеді.
  3. Хабарламаның мәтіні қағаз және (немесе) электронды тасымалдауыштарда іс жүргізу тіліне байланысты мемлекеттік немесе орыс тілде жазылуы тиіс.
  4. Хабарлама адвокат жүргізетін Қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаларды тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі.
  5. Хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні Тіркеу журналының деректеріне сәйкес келуі тиіс.
  6. Тіркеу журналы адвокаттық кеңседе немесе адвокаттық қызметті жеке-дара не заң консультациясы құрамында жүзеге асыратын адвокатта сақталады.
  7. Хабарламаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығы үшін адвокат “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 5-тармағына сәйкес жауапты болады.

1-қосымша 

Нысан

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

 

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

 

____________________________________________________________________

(адвокаттар алқасының атауы)

________________________________________________________________________________       

(заң консультациясының немесе адвокаттық контораның атауы немесе өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың тегі және инициалдары)

ҚОРҒАУ (ӨКІЛДІК ЕТУ) ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

№ _____ «___» ____________ 20 ___ жыл

Адвокаттық қызметпен айналысуға ___ жылғы «___» ___________ берілген  № ____ лицензиясы бар адвокат ________________________________                       

                                                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  20___ жылғы «___» ____________заң көмегін көрсету туралы № ____ жазбаша шарттың негізінде ____________________________________________________

(іс бойынша іс жүргізу/процесті жүргізетін органның атауы)

_____________________________________________ білікті заң көмегін көрсету

(қорғалатын (өкіл болу міндеттерін жүктеген ) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

____________________________________________________________________

(немесе өкіл болуға тапсырыс берген заңды тұлғаның толық атауы)

туралы тапсырманы қабылдағандығы (іске кіріскендігі) туралы хабарлайды.

Адвокат    _____________                  ____________________________________

                              (қолы)                                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

2-қосымша

Нысан 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

 

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

Республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

 

____________________________________________________________________

(адвокаттар алқасының атауы)

___________________________________________________________________

(заң консультациясының немесе адвокаттық контораның атауы немесе өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері)

 

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК  БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ ШЕҢБЕРІНДЕГІ

ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ (ӨКІЛДІК ЕТУ) ТУРАЛЫ

20_____ ЖЫЛҒЫ «____» _____________ № ____

ХАБАРЛАМА

______ жылғы «____» ______________ адвокаттық қызметті жүзеге асырға құқық беретін лицензиясы бар  адвокат __________________________________

                                                                             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 ____________________________________________________________________

(іс бойынша өндірісті/процесті жүргізетін органның атауы)

____________________________________________________________________

(қорғалатын (өкіл болу міндеттерін жүктеген ) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

білікті заң көмегін көрсету бойынша тапсырманы қабылдағандығы (іске кірісуі) туралы хабарлайды.

Іске кірісудің негіздемелері: 

_____________________________________________________ жасалған келісім (аумақтық әділет органның атауы, келісімнің нөмірі және жасалған күні)

___________________________________________________ қаулысы/ұйғарымы

(іс бойынша өндірісті/процесті жүргізетін органның атауы, соттың, лауазымды тұлғаның тегі,аты, әкесінің аты)

_________________________________________________________тапсырмасы.

(аумақтық адвокаттар алқасының немесе оның құрылымдық бөлімшесінің атауы)

Адвокат    _____________                    ____________________________________

                              (қолы)                                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3-қосымша

Нысан 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

2018 жылғы 23 қараша

 

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының

Республикалық конференциясы

2018 жылғы 23 қараша

______________________________________________________________________

(аумақтық адвокаттар алқасының атауы)
______________________________________________________________________

 (өз қызметін жеке өзі жүзеге асыратын адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

 

Қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаларды тіркеу

ЖУРНАЛЫ

Хабарламаның тіркеу нөміріХабарламаны тіркеу күні Тапсырысты қыбалдау негіздемелері Клиент (А.Т.Ә немесе заңды тұлғаның атауы)
1234