МКБЗК ӨТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ЗАҢНАМА” бөліміне артқа қайту

29.10.2018 ж. бастап қолданысқа енгізілді

Бастапқы редакция (Актуалды бұйрық нұсқасын ЭББ сайтында таба аласыз)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығы

“Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы”

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заңының 23-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Министр М. Бекетаев
“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

“___”_________ 2018 жыл

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

“___”_________ 2018 жыл

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

“___”_________ 2018 жыл

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

“___”_________ 2018 жыл

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

“___”_________ 2018 жыл

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

“___”_________ 2018 жыл

 
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1462 бұйрығы 

Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заңының 23-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің келесі түрлері жатады:

1) Заңның 26-бабы 2-тармағында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық кеңес беру;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық кодексінің 67-бабының үшінші бөлімінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөлімдерінде, 76-бабының екінші бөлімінде, 174-бабының екінші бөлімінде, 428-бабының төртінші бөлімінде, 478-бабының алтыншы бөлімінде, 495-бабында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;

3) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінің 749-бабының және 750 бабының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөлімдерінде қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 112 және 325-баптарында қарастырылған жағдайларда жеке түлғаларға өкілдік ету.

2-тарау. Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі
3. Осы Қағиданың 1-қосымшасына жалғанған нысан бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың адвокаттар алқасының (бұдан әрі – Адвокаттар алқасы) бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы (бұдан әрі – заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы) өтінімнің негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімге отырған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.

4. Өтінімді адвокаттың өтініші бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы 2-қосымшаға жалғанған нысанға сәйкес келесі құжаттарды қоса берумен жасайды:

1) реестр негізінде жасақталған адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы акттер, оларда:

адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың саны;

ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;

құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

заң көмегі көрсетілген сағаттың жалпы саны;

адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі.

2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен соттардың, қылмыстық істі жүргізетін органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулылары, азаматтық істер бойынша адвокатты тағайындау туралы соттардың ұйғарымы;

3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:

қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

істің атауы, қаулының шығарылған күні;

қорғау және өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеу мен заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;

күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;

тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің бабы;

қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);

күдіктінің, айыпталушының, сотталушының әрекеті өзгертілген күн;

заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;

адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өдірістің басталу және аяқталу уақыты;

адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейін қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;

сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);

адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;

процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиция тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырысатырының хаттамаларына арыз (қарсылық) келтіру уақытының ұзақтығы;

адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;

адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банктік реквизиттері көрсетіледі;

4) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:

соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

істің атауы, қарау орны және күні;

заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өдірістің басталу және аяқталу уақыты;

адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);

адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиция тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері көрсетіледі.

5. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

6. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын Адвокаттар алқасы уақытты ескерумен есептейді:

1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келуінен есептелетін процессуалдық іс-әрекеттің немесе сот отырысының басталуын күту, егер адвокат осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;

2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер адвокат бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;

3) сотқа дейін тергеп-тексеру немесе істің сотқа түсуінен кейін, бірақ істің басты сот отырысында немесе азаматтық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралуына дейін, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

4) тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан қорғалушыға бару туралы анықтаманы алғанға дейін адвокаттың қорғалушыны шақыру талонын беру сәтінен бастап есептелетін іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін үйде қамауда болған немесе күзетпен қамауға алынған қорғалушымен, уақытша ұстау изоляторында қорғалушымен, немесе Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң көмегін көрсету үшін Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 63 қбпү (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 12 мамырда № 15120 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қылмыстық-атқарушы жүйесі мекемесінің Келушілерді есепке алу журналында тіркелген кезден бастап тиісті мекемеден адвокат сотталушымен жолығу туралы анықтама алғанша;

5) іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін әкімшілік тұтқындауға тартылған қорғалушыға бару;

6) адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиция тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.

7. Қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған тұлғамен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары бойынша айқындалады.

8. Адвокат нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан толық жұмыс күніне төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.

9. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға тағайындалған адвокаттан бас тартса, адвокаттың іспен танысуға кеткен уақыты, кездесу кезіне заі кқмегін көрсетуге, оның ішінде адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиция тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына келтірілген қарсылықтарына уақыты, осындай бас тартудың процессуалдық рәсімделуі, адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады.

10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша үкәм жарияланғаннан кейңн де қабылдануы мүмкін.

Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немес басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.

Азаматтық іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ұйғарым адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жолданады.

Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не жолданады, үшінші данасы шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей Адвокаттар алқасына жолданады.

Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығындарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін адвокат Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

11. Адвокаттар есебін тексеру нәтижесі бойынша Адвокаттар алқасы аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 5-тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілетін өтінімді есептік айдың келесі айының 7-жұлдызына дейін, ал желтоқсан айы үшін – желтоқсан айының 15-жұлдызынан кешіктірмей жолдайды.

12. Аумақтық әділет органы Адвокаттар алқасы өтінімінің қаулылар мен ұйғарымдарыда көрсетілген сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттардың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін жасайды және Адвокаттар алқасының шотына адвокаттардың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокаттарға төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 жұлдызынан кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 жұлдызынан кешіктірмей аударады.

Осы Қағиданың 5-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға аталған қаулылар мен ұйғарымдардағы мәліметтер сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық және басқа да қателерді түзету үшін Адвокаттар алқасына қайтарады.

13. Адвокаттар алқасы ағымдағы жылғы 15-желтоқсанынан кейін ұсынған өтініш бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен төленуге жатады.

 
Адвокат көрсететін, мемлекет
кепілдік берген заң көмегіне ақы
төлеу және құқықтық
консультация беруге, қорғауға
және өкілдік етуге, сондай-ақ
татуластыру рәсімдерін
жүргізуге байланысты
шығыстарды өтеу
Қағидаларына
1-қосымша
 
Нысан 

ӨТІНІМ

_________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы

___________________________

(адвокаттар алқасының атауы)

№№Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің түрлері Заң көмегін алған тұлғалардың саныҚаулылар саныСағаттар саныТөлем сомасыТөлемнің жалпы сомасы
1Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсетуаузша заң консультациялары
2Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
3Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
4Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
5Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
6Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша заң көмегін көрсету
7Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсетуҚазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы
8Барлығы
9Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуІссапардың жалпы саныІссапар күндерінің жалпы саныӨтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы

Адвокат көрсететін, мемлекет
кепілдік берген заң көмегіне ақы
төлеу және құқықтық
консультация беруге, қорғауға
және өкілдік етуге, сондай-ақ
татуластыру рәсімдерін
жүргізуге байланысты
шығыстарды өтеу
Қағидаларына
2-қосымша
 
Нысан 

АДВОКАТТЫҢ ӨТІНІШІ

_________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы

___________________________

(адвокаттар алқасының атауы)

№№Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің түрлері Заң көмегін алған тұлғалардың саныҚаулылар саныСағаттар саныТөлем сомасыТөлемнің жалпы сомасы
1Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсетуаузша заң консультациялары
2Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
3Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
4Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
5Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсетуАса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша
6Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша заң көмегін көрсету
7Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсетуҚазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы
8Барлығы
9Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуІссапардың жалпы саныІссапар күндерінің жалпы саныӨтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы
Close Menu